Жаңа маусымда «Барыс» командасының сапынан Ибрайбековтi көруiмiз ықтимал
«Барыс» хоккей клубының бас бапкерi Андрей Назаров команданың Швейцарияның Сурси қаласында өтiп жатқан жаттығу жиындарының алғашқы кезеңiнен кейiн, хоккейшiлердiң еңбегiне көңiлi толатындығын айтуда, деп хабарлайды «Спорт Экспресс». «Команда керемет еңбектенуде, ойыншылар жаттығудан соң бөлмелерiне әрең келедi, қазiргi кезеңде бұл жақсы олар үшiн, — деп атап өттi Назаров. — Таулы аймақтардағы дайындық әдiсi «Северстальда» жүргенiмде жасалған. Жергiлiктi жердiң шипалы ауасына сенемiз. Астанада 12 мың орындық заманауи жаңа стадионның шатыры салынып бiткендiгi туралы хабар команда үшiн допинг болды. Себебi бұл команданың 2015/2016 маусымда жаңа мұз айдынында ойнайтынын бiлдiредi. Бiз жаңалыққа қуаныштымыз». Оның айтуынша, команда сапында ыждаһатты, өз еңбегiне адал хоккейшiлер жетерлiк. Тiпт…



