Винченцо Нибали «Тур де Франс» көпкүндігінің жеңімпазы атанды
Ал жалпы есепте қарсылас шақ келтірмеген «Астана» клубының капитаны Винченцо Нибали гранд-турдың бас жүлдесін еншіледі. Командалық есепте қазақстандық «Астана» командасы 6-орынға ие болды.
В.Нибали велошоссе спортында 3 гранд-турды жеңіп алған тарихтағы 6-спортшы екенін атап өтейік. Ол 2010 жылы «Вуэльта» көпкүндігін жеңіп, айды аспанға шығарса, 2013 жылы «Астана» сапында жүріп, «Джиро Д’Италия» жарысында үздік атанды. Енді міне «Тур де Франсты» бағындырды.
Екінші орынға Нибалидан + 07′ 52 минутқа қалып қойған франциялық спортшы AG2R клубының өкілі Жан-Кристофф Перо табан тіреді. Үздік үштікті тағы бір француз Тибо Пино (FDJ клубы) түйіндеді.
1. ITA NIBALI Vincenzo 41 ASTANA PRO TEAM 88h 23′ 08»
2. FRA PÉRAUD Jean-Christophe 81 AG2R LA MONDIALE 88h 31′ 00» + 07′ 52»
3. FRA PINOT Thibaut 127 FDJ.FR 88h 31′ 32» + 08′ 24»
4. ESP VALVERDE BELMONTE Alejandro 11 MOVISTAR TEAM 88h 33′ 03» + 09′ 55»
5. USA VAN GARDEREN Tejay 141 BMC RACING TEAM 88h 34′ 52» + 11′ 44»
6. FRA BARDET Romain 82 AG2R LA MONDIALE 88h 34′ 54» + 11′ 46»

