Алматыда волейболдан әлемдік Гран-при ойындары басталады
25 шілде күні Алматы қаласында және Перу, Пуэрто-Рика және Мексикада волейболдан бір мезетте әлемдік Гран-при ойындары басталады. Әлемдік Гран-при ойындары Халықаралық волейбол федерациясының қамқорлығы аясында осымен 22-ші рет өткізіліп отыр. Мамандардың айтуынша, бұл жолы Қазақстан құрама командасы шеберлік деңгейі және әлемдік рейтингі бойынша өзімен тең командалармен бақ сынасады. Демек, финалдық кезеңге өтуге мүмкіндік бар. «Халықаралық волейбол федерациясының соңғы конгресінде командалар тек әлемдік рейтингтері бойынша топтастырылды. Олар үш топқа бөлінді. Меніңше, бұл әділ жасалды. Ал енді неге үшінші дивизионның финалдық турнирі Алматыда өтпеді деген сұраққа келер болсақ, әрине финалдық турнирді өткізетін елдің ұлттық құрама командасы автоматты түрде финалда ойнайды. Біз өтінім бе…



