Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Алматыда Халықаралық Kazakhstan Open 2014 гольф-турнирі өткізіледі

Алматыда 2014 жылдың 18-21 қыркүйегі аралығында осымен 10-шы рет Халықаралық Kazakhstan Open 2014 гольф-турнирі өткізіледі. Оған Еуропалық Челлендж турдың рейтингі бойынша Еуропа елдерінен үздік деген 120 спортшы қатысады. «Бұл рейтинг өткен тамыз айының соңында жасалған болатын. Биылғы Халықаралық гольф-турнирдың жүлде қоры 450 мың еуроны құрады. Бұған дейін жүлделер қорының көлемі мұншалықты көп болған емес. Турнир жеңімпазына 60 мың еуродан астам сыйақы табыс етіледі. Екінші орын алған ойыншының жүлдесі 40 мың еуродай болса, үшінші орын алған ойыншы 30 мың еуроға жуық сыйақы алады», — деді өз сөзінде Қазақстанның гольф федерациясының бас хатшысы Константин Лифанов. Қазақстанның атынан бұл турнирге үш гольфшы қатысайын деп отыр. Олар: негізгі ойыншы Александр Вангай және Нұртай Салдаров…

0
0
293

Астанада олимпиада чемпионы Рафаэль Надаль көрнекі матч өткізеді

Астанада 25 қыркүйекте Ұлттық теннис орталығында әлемдік теннисте аты аңызға айналған, заманның ұлы ойыншыларының бірі, Үлкен Шлем ойындарының жеке топтық кезеңдерінің 14 дүркін жеңімпазы, Олимпиада чемпионы Рафаэль Надальдің қатысуымен көрнекі матч өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі. Қазақстанда тұңғыш рет Рафаэль Надаль француз теннисшісі, әлемнің ең мықты ТОП-10-дыққа кіретін Жо-Вильфрида Тсонгаға қарсы көрнекі матч өткізеді. Атақты теннисшілердің сапары тек көрнекі матчпен шектелмейді. Надаль мен Тсонга «Team Kazakhstan» академиясының қазақстандық талантты жас теннисші-тәрбиеленушілеріне мастер-класс өткізіп, Назарбаев Университетінің студенттері мен «Хейлибэри» халықаралық мектебінің оқушыларымен кездесіп, автограф-сессия кезінде өз жанкүйерлерімен әңгімелеседі…

0
0
257

Бүркіттердің жойылып кету қаупін заңнамалық реттеу қажет — Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы

ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан Халықаралық бүркітшілер қауымдастығының (IAF) президенті Адриано Ломбардпен кездесті. Басқосуда Қазақстандағы құсбегілік өнерінің қазіргі жағдайы мен өзекті мәселелері талқыланды. Кездесуге Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының вице-президенті Дәурен Әбдіхамитов, Халықаралық Бүркітшілер қауымдастығының (IAF) вице-президенті Бақыт Қармақбаев пен «Бүркітші» федерациясының атқарушы директоры В.Земблевский қатысты. Бұл жиында еліміздегі қыран құстардың жай-күйі, олардың заң жүзінде қаншалықты қорғалғаны тәрізді түйткілді мәселердің түйіні тарқатылды. Мамандардың айтуынша, елімізден араб елдеріне құстарды заңсыз әкеткен браконьерлік әрекеттер көптеп кездеседі. «Бүркіт — әлемде өте сирек кездесетін құс. Сондықтан олардың жойылы…

0
0
527

ҚР Президентінің сыйлығы үшін V Халықтық спорт ойындарының ашылу салтанаты өтті

ҚР Президентінің сыйлығы үшін V Халықтық спорт ойындарының олимпиада алауын Өскеменде Қазақ КСР Еңбегі сіңген бапкері Юрий Тархов жағып «Қазақстан Барысы — 2014» атағының иегері Мұхит Тұрсыновқа тапсырды. Қатысушыларды облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігі төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатов құттықтады. «Спортпен неғұрлым көп шұғылдансақ, еліміз соғұрлым мықты болады. 30 ең дамыған елдің қатарына тезірек енеміз, — деді ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев. ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігі төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатов Мәдениет және спорт министрлігі атынан шығысқазақстандықтар мен жарысқа қатысушыларды ірі спорттық шараның ашылуымен құттықтады. «Елімізде Президенттің қолдауымен спорттың дамуына жағдайлар жасалуда. Елбасы Жолдауын іс жүзінде…

0
0
294

Алматыда «Отбасы күніне» арналған велошеру өтеді

12 қыркүйек күні Алматыда «Отбасы күні» мен «Тур Алматы — 2014» кәсіби веложарысын қолдау аясында вело¬шеру өтеді, деп хабарлады almaty-akshamy.kz

Велошеруге қатысушылар кеш¬кі сағат 20.30-да әл-Фараби мен Тәттімбет көшелерінің қиылысында жиналып, 21.00-де қозғалысты бастайды. Мәре сызығы ҚР Тұңғыш Прези¬денті атындағы саябаығнда аяқта¬лады. Велошеруге қатысушыларға жарыс аяқталған соң түрлі сыйлық үлестіріледі.

Ескерту: сол күні сағат 20.30-дан 21.00-ге дейін әл-Фараби даңғылының бойы — Тәттімбет көшесінен бастап, Мұстафин көшесіне дейінгі бөлігі жабылады.

АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
613

Теннисші Рафаэль Надаль ҚР Президентінің шақыруымен Қазақстанға келеді

Қыркүйектің 24-25 күндері әлемдік теннис жұлдызы Рафаэль Надаль тұңғыш рет Астанаға келеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан теннис федерациясының атқарушы директоры Диас Досқараев мәлімдеді. «Қазақстан теннис федерациясына ҚР Президенті Н. Назарбаев осыдан бір жыл бұрын Р. Надальді елге шақырып, теннистің дамуына үлес қосар шаралар ұйымдастыруға тапсырма берген болатын. Сондықтан біз жыл бойы осы жұмыспен айналысып, ақыры атақты спортшы елімізге келетін болды. Әрине Роджер Федерер мен Рафаэль Надальді көптеген елдер көркемдік матчтарын немесе шеберлік сабақтарын өткізуге шақырады. Алайда жұмыс кестелерінің тығыздығына байланысты олар барлық шақыртуларға бара алмайды. Ал Р.Надальдің біздің елімізге келуге келісімін беруі көп нәрсені білдіреді,…

0
0
292

«Astana Arlans» боксшылары «Cuba Domadoresті» ұтты

Астанада өтіп жатқан «Чемпиондар сайысының» екінші күнінде «Astana Arlans» клубы «Cuba Domadoresті» 3:2 есебімен ұтты, деп хабарлады Sports.kz.

Нақтырақ айтқанда, Мирас Жақыпов (52 келі) Йосвани Вейтианы 3:0 есебімен жеңсе, Роман Щегринов (60 кг) Ласаро Альварес Эстрадеге жол берді — 0:3, Мадияр Ашкеев (69 келі) Рониель Иглесиас Сотолонгоны тізе бүктіріп (2:1) «арландарды» қайтадан қайта шығарып еді, келесі болып шаршы алаңға көтерілген Хрвое Сеп (81 келі) Хулио Сезар Ла Крусқа есе жіберіп алды, есеп: 0:3, ал соңғы жекпе-жекте Филип Хргович (91 кг) Йоанди Тойрак Ортегуді нокаутпен жеңді.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
137

Головкин Мэйвезермен рингте кездесіп үлгере ме?

Мэйвезер келесі жекпе-жекте аргентиналық Маркос Майданамен кездеседі. Америкалық айтқандай, карьерасының соңына дейін ол үш рет рингке шығады. Соның бірі 13 қыркүйекте болатын Майданаға қарсы кездесуі, деп хабарлады Daily Mail. Бұл кездесулердің арасында орта салмақтағы Әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шығуы екіталай. «2015 жылы мамыр және қыркүйек айларында екі кездесу өткіземін. Сәйкесінше, спорттағы мансабым бір жылдан соң аяқталады», — деп атап өтті чемпион. Болашақта ол өз промоутерлік Mayweather Promotions компаниясын дамытумен айналыспақ. Бес салмақ дәрежесіндегі Әлем чемпионы кіші Флойд Мэйвезер әлемдегі табысы жоғары спортшылардың бірі. Ағымдағы жылдың мамырында Маркос Майданаға қарсы шыққан жекпе-жегінде ол кем дегенде 32 миллион доллар, Майдана — 1,5…

0
0
230

Дзюдодан Азия ойындарына қатысатын ҚР құрамасының құрамы бекітілді

Дзюдодан Азия ойындарына қатысатын ҚР құрамасының құрамы бекітілді

Дзюдодан ҚР құрамасының бапкерлер штабы Инчхоне (Корея) қаласында 2014 жылы 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтетін Азия ойындарына қатысатын  спортшыларды таңдады, деп хабарлады Sports.kz.

Ерлер:
Елдос Сметов, 60 кг, Тараз қ.
Азамат Мұқанов, 66 кг, БҚО.
Дастан Ықыбаев, 73 кг, ШҚО.
Азиз Қалқаманұлы, 81кг, Тараз қ.
Тимур Болат, 90 кг, Астана қ.
Максим Раков, 100 кг, Қарағанды қ.
Ержан Шынкеев, +100 кг, Қарағанды қ.

Қыздар:
Байқұлева Айгүл, 78 кг.
Мингазова Ленария, 52 кг.
Құбашева Назгүл, 57 кг.
Ордабаева Мариан, 63 кг.
Қударова Динара, 70 кг.
Амангелдиева Альбина, 78 кг.
Райфова Зарина, +78 кг.

   

АСТАНА. ҚазАқпарат

0
0
211

ІІ Бүкіләлемдік кадеттер ойынында Қазақстан құрамасы топ жарды

Эквадордың Салинас және Кито қаласында кеше аяқталған ІІ Бүкіләлемдік кадеттер ойынында Қазақстан Қарулы күштерінің құрамасы бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. Әлемнің 25 елінен жиналған әскери қызметшілер бір аптадан астам уақыт бойы жүзу, атыс, әскери бессайыс, волейбол, әскери бағдарлау және жеңіл атлетика бойынша ептіліктерін, жылдамдықтары мен күштіліктерін сынға салды. Қазақстан Қарулы күштерінің құрамасы сапында Құрлық әскерлері әскери институтының, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік инстиутының курсанттары мен ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубы оқу-жаттығу орталықтарының спортшылары өнер көрсетті. Сондай-ақ, 10 шақырым қашықтыққа жүгіруде Спорт комитеті — ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубының жеңіл атлетикадан штаттық команд…

0
0
446