Kazsport agent
@kazsportagent
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ
рейтинг
100
жазбалар
4 640
пікірлер
0
тіркелуші
17
жазылымдар
442
рейтинг
100
жазбалар
4 640
пікірлер
0
тіркелуші
17
жазылымдар
442
Инчхондағы Азия ойындардың ашылуында Қазақстан Туын Әділбек Ниязымбетов ұстап шығады
Лондондағы Олимпиаданың күміс жүлдегері, әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері боксшы Әділбек Ниязымбетов Инчхонда 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтетін Азия ойындарының ашылуында Қазақстанның Туын көтеріп шығады, деп хабарлады Vesti.kz. Штаттық ұлттық командалар әкімшісінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, спортшыға Туды салтанантты түрде табыстау рәсімі Алматыда 12 қыркүйекте өтеді. Азия ойындарында қазақстандықтар спорттың 39 түрі бойынша жарыстарға қатысады, Инчхонға жалпы саны 420 атлетші барады. Команда құрамында әлем чемпиондары, әлемдік біріншілік жүлдегерлері мен Олимпиада чемпиондар — Ольга Рыпакова мен Зульфия Чиншанло бар. Еске сала кетейік, қытайлық Гуанчжоу қаласында өткен Азия ойындарында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бесінші орынды иеленген еді. А…
Астанада 120 қоян-қолтық жекпе-жек шебері бақ сынайды
Астанадағы «Көктал» спорт кешенінде 2014 жылдың 11-13 қыркүйек аралығында қоян-қолтық жекпе-жегінен III республикалық турнир өтеді. Онда ҚР Ұлттық гвардия бас қолбасшысының кубогы сарапқа салынбақ.
Онда 9 салмақ дәрежесі бойынша 120 спортшы сынға түседі.
13 құрама жарысқа қатысатынын растады. Олар Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ішкі істер министрлігінің, Мемлекеттік күзет қызметінің, ҚР Ұлттық гвардиясының, сонымен бірге жекпе-жек түрлері бойынша республикалық спорттық ұйымдардың намысын қорғайды.
Жарыс мақсаты — қоян-қолтық жекпе-жекті дамыту, салауатты өмір салты мен спортты насихаттау, спортшылардың және төрешілердің кәсіби шеберлігін шыңдау.
АСТАНА. ҚазАқпарат
Қазақстандық волейболшылар Азия кубогында екінші рет жеңіске жетті
Екінші матчта қазақстандықтар Тайланд командасымен кездесіп, үш партияда 25:20, 25:22, 25:17 есебімен басым түсті. Жерлестеріміз үшін бұл турнирдегі екі ойындағы екі жеңісі.
Бұдан бұрын қазақстандық волейболшылар Жапония командасын 3:0 (25:23, 25:23, 25:18) есебімен тізе бүктірген еді.
Мақсатымыз — Өрт сөндіру-құтқару спортын Олимпиаданың көрнекі спорт түрлері бағдарламасына енгізу — А. Калинин
Біздің мақсатымыз — Өрт сөндіру-құтқару спортын Олимпиаданың көрнекі спорт түрлері бағдарламасына ендіру. Бұл туралы Алматыда Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша өтіп жатқан мерейтойлық X әлем чемпионаты барысында Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың халықаралық спорт федерациясы атқарушы комитетінің директоры Андрей Калинин мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір федерация Халықаралық Олимпиада комитетінің барлық талаптарын орындап жатыр. «Біздің федерация жаңа ұйым. Біз 2002 жылы құрылғанбыз. Қазір Алматыда тұңғыш рет 10-шы әлем біріншілігін өткізіп жатырмыз. Әрине, 2002 жылға дейін де халықаралық жарыстар болып тұрған. Бірақ олар мұндай әлемдік деңгейде емес еді. Бізде де қазір өзге федерациядағылар тәрізді допингтік бақылау комитеті бар. Спорттық-техникалық комиссия жұмыс істейді. Атқарушы ком…
Криштиану Роналду футбол әлемімен қашан қош айтысатынын мәлім етті
«Қуатым барда, ойнай беремін деп айтуыма болар еді, алайда өзім шамамен 35-36 жасқа дейін ойнаймын деп жоспарлаудамын», — деді Роналд — Әрине, ол жасқа жеткенде, пікірім өзгеруі де мүмкін».
Роналду мансабын қай клубта аяқтайтынын нақ басып айта алмады.
«Білмеймін, бұл әзірге белгісіз», — деді ол.
Еске сала кетейік, Криштиану Роналду «Алтын доптың» екі дүркін иегері және соққан голдарының саны бойынша Португалия құрамасының рекордшысы.
Зарина Дияс ғаламшардың ТОП-40 үздік теннисшілерінің қатарына енді
Әйелдер теннисі қауымдастығы ((WTA) ғаламшардың үздік теннисшілерінің рейтингісін жаңартты, деп хабарлады www.sports.kz. Қазақстандық теннисші Зарина Дияс WTA жаңартылған рейтингісінде бірден 8 позицияға көтеріліп, 40-шы орынға ие болды. Өкінішке орай, Қазақстанның басқа өкілдері өздерінің позицияларын жоғалтты — Ярослава Шведова 63 орынға сырғыды, Галина Воскобоева 148-ші, ал Юлия Путинцева — 130 орыннан көрінді.8 қыркүйектегі WTA рейтингісі: 1 (1). Серена Уильямс (АҚШ) - 9430 ұпай 2 (3). Симона Халеп (Румыния) - 6310 3 (2). Ли На (Қытай) - 6170 4 (4). Петра Квитова (Чехия) - 5956 5 (5). Агнешка Радванска (Польша) - 5590 6 (6). Мария Шарапова (Ресей) - 5335 7 (7). Ангелика Кербер (Германия) - 4550 8 (8). Эжени Бушар (Канада) - 4405 9 (11). Ана Иванович (Сербия) - 4065 10 (9). Елена Янков…
Самат Смақов Ұлттық құрамаға қайта шақырту алды
Самат Смақов Ұлттық құрамаға қайта шақырту алды, деп жазады kazsporttv.kz.
Ол Қырғыз республикасына және Латвияға қарсы өтетін мачта алаңға шығады.
Қазақ футболының тәжірибелі ойыншысы, «Қайрат» клубының орталық қорғаушысы және капитаны Самат Смақов Қазақстан Ұлттық құрамасына қайта шақырту алды.
Самат Смақов енді Ұлттық құрама футболшыларымен бірге Қырғыз Республикасы мен Латвияға қарсы өтетін матчқа дайындық жүргізеді.
Теннисші Зарина Диас бір жылда жарты миллион доллардан астам табысқа қол жеткізді
Жас спортшы аз уақытта 700 мың доллар пайда тауып үлгерді. Оның 500 мың доллары осы жылға тиесілі.
2013 жылдың соңында Диас WTA рейтингісінде 163-ші орында болған. Қазір ол 48-ші сатыға жайғасты. Нәзік жанды спортшы US Open аяқталған соң ТОП-40 қатарына енуі тиіс. Сондай-ақ ол Ярослава Шведовадан озып, Қазақстанның бірінші ракеткасы атанған.
«Астана» велокомандасының капитаны «Вуэльтаның» 11-ші кезеңінде жеңіске жетті
«Астана» капитаны Фабио Ару «Сантуарио Сан Мигель де Аралар» жоғары санаттағы таудағы мәреде 11-кезең жеңімпазы атанды. Мәреде жоғары санатты Аруна тауында екінші және үшінші орындарда мәреге жеткен екі испандық «Movistar» командасынан Алехандро Вальверде мен «Team Katusha» командасынан Хоаким Родригесті 6 секунқа ұтты», делінген таратылған ақпаратта.
Бас жіктелімде 11 кезеңнің қорытындысымен Ару 7-ші орынға ие болды. Жалпы есептегі көшбасшы — «Tinkoff-Saxo» командасынан Альберто Контадор.






