Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ІІ Бүкіләлемдік кадеттер ойынында Қазақстан құрамасы топ жарды

ІІ Бүкіләлемдік кадеттер ойынында Қазақстан құрамасы топ жарды

Эквадордың Салинас және Кито қаласында кеше аяқталған ІІ Бүкіләлемдік кадеттер ойынында Қазақстан Қарулы күштерінің құрамасы бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Әлемнің 25 елінен жиналған әскери қызметшілер бір аптадан астам уақыт бойы жүзу, атыс, әскери бессайыс, волейбол, әскери бағдарлау және жеңіл атлетика бойынша ептіліктерін, жылдамдықтары мен күштіліктерін сынға салды.

Қазақстан Қарулы күштерінің құрамасы сапында Құрлық әскерлері әскери институтының, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік инстиутының курсанттары мен ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубы оқу-жаттығу орталықтарының спортшылары өнер көрсетті.

Сондай-ақ, 10 шақырым қашықтыққа жүгіруде Спорт комитеті — ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубының жеңіл атлетикадан штаттық командасының спортшысы, қатардағы жауынгер Михаил Красилов алтын иеленді.

Ол екінші орын алған эквадорлық Эдвин Моралестің алдын орады. Үшінші орынды перулік Нельфор Дайвис Ривера Варгас иеленді.

 

АСТАНА: ҚазАқпарат

 
0
0
450

Осы тақырып бойынша

ІІ Бүкіләлемдік кадеттер ойынында Қазақстан құрамасы топ жарды - Yvision.kz