Перейти к содержимому
jan.123

jan.123

Сайтта 2023 ж. 20 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

1 004

жазбалар

570

пікірлер

0

тіркелуші

3

жазылымдар

4

Нұрлан Ұранхаев: «Елдік жолында күрескен ұландар қашанда ұлықтауға лайықты»

Абай өңірінде бүгінгі Жеңіс күні облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың құттықтауынан басталды. Ол әкімдіктің ресми сайтында таңғы сағат 8-ден өте жарияланды.   «Қымбатты ардагерлер!Құрметті жерлестер!Халқымыз үшін қастерлі мереке – Ұлы Жеңіс күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!Бүгін — жанқияр ерлік пен еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген ұлы мереке. Халқымыз «Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар» деп, жеріне қорған болған азаматтарды әрқашан ерекше құрмет көрсете білген.Жеңіспен өрілген ұлы тарихымыз – Отан үшін от кешкен батырларға кенде емес. Сол себепті елдік жолында күрескен ұландар қашанда ұлықтауға лайықты», – делінген әкімнің құттықтауында.Нұрлан Ұранхаев бүгінгі халқымыздың есімдері тарихтың бетінде мәңгі қалған аға буын алдында шексіз қарыздар екені…

0
0
1693

Шымкентте кофе мен сүт өнімдері жанып кетті

Шымкенттегі кофеханалардың бірінде өрт болды.

undefined

От бұл мекеменің қойма бөлмесінде тұтанған. Онда кофе мен сүт өнімдері болыпты.

"Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда", - деп жазады t.me/qr_tjm.

0
0
391

Соғыс ардагері туралы жазба

ӘКЕЖеңіс күні! Бұл күн мыңдардың көз жасын тыйып, миллиондарға қуаныш сыйлаған күн! Сол Жеңісті жақындатуға менің ƏКЕМ - Сəрсен Әбдіқайымұлы да үлес қосты. 1942 жылы әкемді армияға шақырады. Бір айдай Алматыда дайындап, соғысқа әкетеді. Алдымен Смоленскіде соғысып, одан соң Ржев қаласына ауыстырады. Сол жерде жүргенде әкем қатты ауырады. Тамағына бір түйін пайда болып, ас іше алмай қалады. Қайтадан Смоленскіге әскери госпитальға жібереді. Ем қонбайды. Медконсилиум жасаған екі-үш дәрігер әкеме сұрақ қояды:- Әкең бар ма?- Жоқ. Кулактармен байланысы бар деп Сібірге жер аударылған.- Шешең бар ма?- Жоқ. Мені босану үстінде қайтыс болған.- Жасың нешеде?- Жиырмада. Осы сұрақтардан соң, дәрігерлер өзара қатты дауыс көтеріп дауласады. Бір дәрігер ашуланып шығып кетеді, бір дәрігер қағаз толтыруға…

0
0
495

Құлжа тас жолында бүгін болған сұмдық жол апатының мән-жайы айтылды

Қайғылы оқиға Алматы-Көкпек-Көктал жолының 41-шақырымында болды.  
Mitsubishi Lancer-дің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай қарсы бағытқа шығып кетеді. Сөйтіп, Nissan Cefiro-мен бетпе-бет соқтығысқан. Бұл көлік қатты соққының әсерімен барып жол жиегінде тұрған Mitsubishi Pajero Sport пен BMW X5-ті соғады.

Жол апаты салдарынан Nissan Cefiro-ның жүргізушісі, Mitsubishi Lancer-дің жүргізушісі мен жолаушысы қаза тапты.

Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, сараптамалар белгіленді.

Көптеген көлік жүргізушілері осы Құлжа тас жолының өте қауіпті екенін айтады. Ал полиция жұртты абайлап жүруге шақырып отыр.      

0
0
651

2 жылдан аса уақыт бұрын жарақат алған Зарина содан бергі алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Зарина Дияс Фукуока (Жапония) ITF W 75 турнирінің екінші айналымына өтті.
undefined
Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін әлемнің 388-ракеткасы, үндістандық Рутуя Бхосалемен өткізді.
Зарина Дияс сағат жарымға жуық уақытқа созылған матчта қарсыласын 7:5, 6:3 есебімен тізе бүктірді.
Зарина 2022 жылдың 18 қаңтарынан бері кортқа шықпаған еді. Сол күні Дияс Аустралия ашық чемпионатының бірінші айналымында Елена Рыбакинадан 7:6 (7:3), 6:7 (3:7), 1:6 есебімен ұтылған еді. Содан кейі жарақатына байланысты жарыс жолынан шығып қалған болатын.
Осылайша, 2 жыл 3 айдан кейін Зарина алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
Зарина Дияс ширек финалға шығу үшін әлемнің 286-ракеткасы, оңтүстіккореялық Су Джон Чан немесе рейтингіде 358-сатыдағы аустралиялық Лизетт Кабрераның қай жеңгенімен таласады.

t.me/RRaketkasi

0
0
419

Қасым-Жомарт Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды.

undefined

Мемлекет басшысы елордадағы «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойып, Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етті. 

undefined

Содан кейін Президенттік оркестр Мемлекеттік әнұранды орындап, Құрмет қарауылының ротасы шараға қатысушылар алдынан сап түзеп өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев гүл қою рәсіміне жиналған жұртшылықпен жүздесіп, ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады.
undefined
t.me/aqorda_resmi

0
0
570

Шымкентте келіншек шала туған баласын перзентханаға тастап кеткен

Оқиға кеше кешкісін болған. Әйел шақалақтың денесін Шымкенттегі №2 принаталдық орталыққа қорапқа салып әкеп, ғимарат ішіне тастап кетіпті.

undefined

Қорапқа бір тілім қағазға жазылған хат та болған. Бірақ онда не айтылғаны белгісіз.

Дәрігерлердің айтуынша, іштегі шақалақ төрт айлық кезеңге сай келеді.

Олар келіншек оны ерте толғақ келтіретін дәрі ішіп туған болуы мүмкін деп отыр.   

0
0
372

Президент елді Отан қорғушылар және Жеңіс күндерімен құттықтады

Президент мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты.Мемлекет басшысы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушыларды Отан қорғаушы күнімен және алда келе жатқан Жеңіс күні мерекесімен құттықтап, осы екі мейрам жауынгерлік дәстүрдің сабақтастығын паш ететінін, батыр бабаларымыздың даңқты жолын қазір өскелең ұрпақ жалғастырып келе жатқанын атап өтті."Бүгінде айбынды армиямыз – елдегі тұтастық пен тыныштықтың мықты қалқаны. Қуатты әскеріміз бейбітшілік пен берекелі өмірді қас қақпай күзетіп тұр. Олар қай кезде де қастерлі Отанымызды қорғауға дайын. Ерлік майданда ғана жасалмайды. Ерлікке бейбіт заманда да орын бар. Биыл біз соңғы 80 жылдағы ең жойқын тасқынға тап болдық. Елге қатер төнген…

0
0
528