Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша азаматтарды қабылдауы жалғасуда

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті СҚО Әділет департаментінің сот орындаушысымен а.ж. 22 қыркүйекте мамандандырылған ХҚКО-да мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жоғарылату жөніндегі жұмыс Жоспарының шеңберінде Петропавл қ. ХҚКО-ның мамандандырылған бөлімінде бірлескен азаматтарды қабылдау жүргізілді.
Қабылдау барысында жол жүрісі саласындағы заңнамасы бойынша 3 адам жолықты, соның ішінде 1 заңды тұлғаның өкілі, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына өтініштер түскен жоқ. Барлық қойылған сұрақтарға Департаменттің мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы Б.Қ. Еңсегеновпен және сот орындаушысы Р.С. Абдолмановамен толық түсіндірмелер берілді.