Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Департаментпен «А» корпусының кадр резервіне кандидаттардың оқытуы жүргізіледі

А.ж. 4 – 15 қыркүйек аралығында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментіне «А» корпусының кадр резервіне іріктеуіне қатысу үшін 27 тұлғалардың 30 өтініші келіп түсті. Оның ішінен үшеуі екі санатқа өтініш бедрі. Құжаттарды қарау қорытындысы бойынша 23 үміткердің Арнайы біліктілік талаптарына және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкестігі анықталып, олар тестілеу тапсыруға жіберілді.

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссиясымен бекітілген Жоспарға сәйкес, а.ж. 19 қыркүйегінде «А» корпусының кадр резерві іріктеуінің үміткерлеріне Департаментпен оқыту семинары ұйымдастырылды. Облыстың шалғай аудандарындағы үміткерлер семинарға бейнеконференцбайланыс арқылы қатысты.

Департамент басшысы Ғ.С. Тұрсынбаев семинар ашу барысында "А" корпусының институты дайындалған мемлекеттік қызметшілерге өз әлеуетін мемлекеттік қызметте іске асыруға мүмкіндік береді және кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастырудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылатының атап өтті.

Семинарға Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру оқытушылары, Тілдерді оқыту орталығының әдіскерлері шақырылды. Олар жеке басының қасиеттерін бағалау, логика, ҚАЗТЕСТ бойынша тестілеу тапсыруға ұсыныстармен және әдістемесімен таныстырды.

Семинарға қатысушылар барлық қызықтыратын сұрақтарға толық жауаптар алды.

Үміткерлерді дайындаудың келесі кезеңі 26 - 27 қыркүйек аралығында өңірлік оқыту орталығында өтетін заңнаманы білуге арналған қысқа мерзімді оқыту курстары болады.

 
0
0
315

Осы тақырып бойынша

Департаментпен «А» корпусының кадр резервіне кандидаттардың оқытуы жүргізіледі - Yvision.kz