Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бағалау — мемлекеттік қызметшілердің тиімділігінің көрсеткіші

Мемлекеттік қызмет мемлекеттік басқарудың маңызды механизмі болып табылады. Бұл салада мыңдаған азаматтар жұмыс істейді, олардың қызметі қоғам мүддесі үшін тиімді және жоғары кәсіби болуы керек. Мемлекеттің, қызметкерлердің беделі және мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігі мемлекеттік құрылымдардағы персоналды басқаруының жүзеге асырылуына байланысты.

Осы мақсатқа жету үшін мемлекеттік қызметшілердің тиімділігін бағалауды қоса алғанда, әртүрлі әдістер мен рәсімдер қолданылуы мүмкін.

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына, бағалауды өткізу Қағидаларына, Үлгілік әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттік органдар Уәкілетті органмен бекітілген үлгілік әдістемесі негізінде «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін әзірлейді және бекітеді.

2017 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік органдарымен қызметті бағалаудың 17 әдістемесі бекітіліп, әділет органдарында тіркелді (облыстық әкімдікпен жергілікті атқарушы органдар үшін 401 әдістеме бекітілді).

Бағалаудың мақсаты мемлекеттік қызметшілердің жұмысы тиімділігін және сапасын анықтау болып табылады.

Бағалаудың екі түрі бар: тоқсандық және жылдық.

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалауға барлық мемлекеттік қызметшілер жатады, бірақ нақты лауазымда орналасу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда, сондай-ақ сынақ мерзімін өткеру кезеңінде бағалау өткізілмейді.

Тоқсандық бағалау «Б» корпусының әкімшілік қызметшісінің тікелей басшысымен жүргізіледі, ол қызметшімен лауазымдық міндеттерін орындауын бағалауына негізделеді. Тоқсандық бағалаудың мерзімі бағаланып жатқан жылдағы есептік тоқсаннан кейінгі айдың онынан кешіктірмей (бағалануы оныншы желтоқсаннан кеш емес өткізілетін төртінші тоқсанды қоспағанда) жүзеге асырылады.

Жыл қорытындысы бойынша бағалау бағаланып жатқан жылдың жиырма бесінші желтоқсанынан кешіктірмей жүргізіледі, ол "Б" корпусы қызметшісінің есептік тоқсандардағы орта бағасынан және жеке жұмыс жоспарын орындау бағасынан құралады.

Бағалаудың нәтижелері төрт деңгейге бөлінеді: өте жақсы, тиімді, қанағаттанарлық, қанағаттанарлықсыз.

Солтүстік Қазақстан облысының 2017 жылдың екінші тоқсанының бағалау нәтижесі бойынша, 3851 әкімшілік мемлекеттік қызметшілері бағаланған. Олардың 80% -дан астамы немесе 3134 адам «тиімді» бағасын, 476 қызметкер немесе 12,36% - «қанағаттанарлық», 241 (6,26%) - «өте жақсы» бағасын алды, ал «қанағаттанарлықсыз» бағасын алған қызметкерлер жоқ.

Бағалау нәтижелері бонус төлеуге және оқыту бойынша шешім қабылдауға негіз болып табылады.

Қызметкерлер бір жыл ішінде «қанағаттанарлықсыз» баға алған жағдайда олардың қызметін жылдық бағалау нәтижелерін бекіткеннен кейін үш ай ішінде біліктілікті артыру курстарына жіберіледі. Бонустарға келетін болсақ, қазіргі уақытта Ұлттық жоспардың бесінші қадамына сәйкес бонустық төлемдер жүйесі әзірленуде. Бонустарды тоқсандық қорытындысы бойынша жұмыста табысты нәтижелер көрсеткен қызметкерлер алады.

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің жұмысын бағалау тәжірибесін енгізуі - «Ұлттың жоспары - 100 нақты қадам» бағдарламасын іске асырудағы қадамдардың бірі болып табылады.

Сондай-ақ, Жоспарды іске асыру шеңберінде факторлы-балдық шкаласы негізінде мемлекеттік қызметшілердің жаңа төлем ақы жүйесінің енгізуі жоспарланып отыр. Кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған институционалдық реформаның бірінші бөлігіне сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің қызметінің нәтижелеріне байланысты төленетін жалақысын көтеруге және нәтижелерге сәйкес ақы төлеуге көшуі қажет.

Ағымдағы тарифтік шкаладан айырмашылығы, факторлы-балдық шкаласы қызметкер орындаған функциялардың ауқымын, жауапкершілігін және күрделілігін есепке ала отырып, төлем жүйесін құрастыруға мүмкіндік береді.

Жалпы алғанда, бұл тәсіл мемлекеттік қызметшілер үшін лайықты төлем деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған және халықаралық озық тәжірибені ескере отырып, кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға ықпал етеді.

 

Аида АХМЕТОВА, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы

 
0
0
2139

Осы тақырып бойынша

Бағалау — мемлекеттік қызметшілердің тиімділігінің көрсеткіші - Yvision.kz