Қазақстан халықтарының тілдері күні!

А.ж. 20 қыркүйегі Қазақстан халықтарының тілдері күнін мерекелеуге орай Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының және Тілдерді оқыту орталығы өкілдерінің қатысуымен жиын өткізілді.
Арнайы қонақ Асем Нұрланқызы Сүлейменова мемлекеттік тілдің дамуы және қазақ әліпбиінің латын қарпіне көшу үрдісі туралы баяндама ұсынды. Сөз сөйлеу барысында латын қарпіне көшудің маңыздылығы және бұл үрдістің ұлттың болашағына тигізетін әсері айқындалды. Сонымен бірге, жиналғандардың назарына Мемлекет басшысының бұл сұрақ бойынша берілген сұхбаты жеткізілді.
Департаменттің бас маманы Динара Сәкенқызы Әлдименова тіл саясатын жүзеге асыру бойынша органда жүргізіліп жатқан жұмыс жайында баяндап, латынға көшу туралы пікірін білдірді. Аталған сұрақ қызметкерлер арасында да талқыланып, ой-пікір бөлісу жүзеге асырылды. Талқылау барысында қазақ тілін модернизациялау ұлттық сәйкестендіруді нығайту үшін қажет екені анықталды.
Бұдан соң, Тілдерді оқыту орталығының маманы Орал Сәбитұлы Жанатов қазақ халқының ұлттық олйындары негізінде «Сергіту сәті» атты ойынын ұйымдастырды.
Шара соңында Департамент басшысы қонақтарға қатысқаны үшін алғыс білдіріп, жиналғандарды Қазақстан халықтарының тілдері күнімен құттықтады.
