Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Белсенді жастар – мемлекет беделінің кепілі

21 қыркүйек күні Жалел Қизатов атындағы Есіл ауылшаруашылық колледжінде облыс жастар қатарынан белсенді өкілдерін жинаған слеті өтті.

Іс-шараның мақсаты - жастар саясатын жүзеге асыру, ауылдық жерлердегі жастардың өмір сапасын жақсарту, ауылда тұрып жұмыс істеудің беделін көтеру.

Стетты Есіл ауданы әкімінің орынбасары Тұтқышев Еділ ашты. Ол өзінің алғы сөзінде  кез келген елдің тірегі жастар болып табылатының атап өтті.

«Елбасы жастарға өзін-өзі жетілдіру үшін барлық қажет жағдай жасайды. Бүгінгі танда жастарды қолдауға арналған көптеген мемлекеттік бағдарламалар қабылданған.» - Еділ Мейрамұлы ерекше белгіледі.

Слет жұмысы үш секция бойынша өтті: мемлекеттік қызмет, жастар саясатын жүзеге асыру, кәсіпкерлік негіздері, оның барысында қатысушылар өзара араласып тәжірибемен алмасты.

Секциялардың бірі мемлекеттік қызметке арналды. Облыстық аумақтық және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері секцияның спикерлері болып сөз сөйледі.

Индира Баженова – Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің бас маманы жиналғандарды мемлекеттік қызметке түсу, үшдеңгейлі кадрларды іріктеу жүйесін енгізуі, тестілеу бағдарламалардың соңғы өзгерістерімен және әкімшілік мемлекеттік бос лауазымдарға орналасу конкурстарды өткізу тәртібімен таныстырды. Секцияға қатысушылар мемлекеттік қызметке түсу туралы  белсенді сұрақтар қойып, олардың көпшілігі мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге өз ниеттерін білдірді. Жастар арасында жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру сұрақтарын Департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Аманкелді Сатанов өз сөзінде сипаттап берді. Сөз сөйлеу сыбайлас жемқорлыққа қарсы роликтердің бейнелеумен аяқталды.

Өз жұмысының тәжирибесімен «Үздік жас мемлекеттік қызметші - 2017» облыстық байқауының жеңімпазы Кенжебек Қожахметов бөлінді. Ол жастарды жоспарлар құруға, болашаққа мақсат қоюға шақырды. Өз үлгісінде мемлекеттік қызметтің беделін көрсетті.

Спикерлердің бірі – Есіл аудандық әкімдігінің маманы Валентина Пищенкова болды. Валентина Ж.Қизатов атындағы Есіл ауылшаруашылық колледжінің түлегі. Ол жас адамдарды мемлекеттік қызметке түсуге шақырып, мемлекеттік қызмет оның мақсаттары мен армандарын іске асыруға көмектескенін атап өтті.

Слет шеңберінде «Трактор жүргізу шебері» атты тракторды мәнерлеп жүргізуді бағалайтын байқау өтті.  Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды. Слет соңында концерт өтті.

 
0
0
548

Осы тақырып бойынша

Белсенді жастар – мемлекет беделінің кепілі - Yvision.kz