Мазмұнға өту
finpolsko

ANTIKOR SKO

@finpolsko

Сайтта 2014 ж. 10 қаңтарКазахстан, Петропавловск

Департамент Агентства РК по противодействию коррупции по Северо-Казахстанской области

рейтинг

100

жазбалар

1 421

пікірлер

0

тіркелуші

18

жазылу

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы бойынша Ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті жиналысы өтті

А.ж. 14 қыркүйекте Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті жанындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы бойынша Ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті жиналысы өтті. Жиналыста СҚО «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КАҚ филиалы «ХҚКО» Департаментімен тұрғындар арасында электронды түрде көрсетілетін қызметтерді алу артықшылықтарын түсіндіру бойынша қабылданған іс-шаралар қаралды. Білім саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді электронды нысанға ауыстыру мәселелері зерделенді. Осы бағытта одан әрі бірігіп жұмыс істеу жөнінде шешім қабылданды. Сонымен қатар, Департаменттің мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Б.Қ. Енсегенов жұмыс тобының мүшелерін жұмыспен қамту…

0
0
512

СҚО Есіл ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Департамент қызметшілерімен а.ж. 12 қыркүйегінде Есіл ауданың әкімдігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл механизмдері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы тусіндіру бойынша семинар-кеңес өтті.

Сыбайлас жемқорлық профилактика басқармасының бас мамандары Р.Б. Қожахметов мен Р.М. Жұмағұлов жиналғандарды сыбайлас жемқорлық таәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу тәртібімен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды бекіту және сақталуымен, 2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының жобасымен таныстырды.

Семинар барысында қойылған барлық сауалдарға тиісті жауаптар мен түсіндірмелер берілді.

0
0
423

№4 орта мектебі «Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясын қабылдайды

А.ж. 12 қыркүйегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ мүшелерінің Петропавл қаласының №4 орта мектебінің ұжымымен кездесуді өткізді. Қатысқандар алдында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша Департаментінің бас маманы А.Е. Сатанов және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы СҚО бойынша Департаментінің инспекторы С.Н. Зайцева сөз айтты. Баяндаушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы жөнінде жаңа тәсілдер туралы айтты, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының басты ережелерімен таныстырды, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық және басқа зардаптарын түсіндірумен, өткен жылдың сыбайлас жемқорлық істерінің нақты мысалдарына тоқталды. Заңды қолдану салалары жөнінде және оның жекелеген ережелері тұралы барлық түскен сұрақтарғ…

0
0
448

Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру шеңберінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердегі сыбайластықты жою механизмдері

А.ж. 12 қыркүйегі сағат 10:00-де Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ж.Ж. Жұмабаевтің төрағалық етуімен «Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру шеңберінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердегі сыбайластықты жою механизмдері» тақырыбында дөңгелек үстелі өткізілді. Іс-шараның барысында агроөнеркәсіптік кешенін дамыту мен Бизнестің жол картасы – 2020 мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру шеңберінде мемлекеттік қызметтерді көрсету қорытындысы туралы ауыл шаруашылықтық және кәсіпкерлік басқармаларының есептері тыңдалды. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру кезіндегі нысаналы көрсеткіштерге тигізетін әсері талқыланды. Бұл іс-шараға жергілік…

0
0
411

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын тусіндіру бойынша семинары

Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Сатанов А.Е. Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгiнiң жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын тусіндіру бойынша семинарға қатысты.

Ол өз баяндамасында Этикалық Кодексінің нормаларымен таныстырып, барлық қатысушыларды кез келген сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимылға белсенді қатысуға шақырды.

Кездесу барысында Басқарма қызметкерлері диалогта белсене қатысты. Негізінде барлық сұрақтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіруге, Этикалық Кодексінің ережелерін сақтауға қатысты болды. Барлық түскен сұрақтарға жауп берілді.

0
0
431

Департамент мемлекеттік қызмет саласында заңнама туралы талқылауды жалғастырады

2017 жылы 7 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрілі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінде және Петропавл қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мамандарына мемлекеттік қызметі заңнамада негізгі өзгерістер бойынша семинар өтті. Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Ибраева Г.М. жиналғандарды мемлекеттік қызметке түсу тәртібімен, мемлекеттік қызметшілердін ротациялау, үш сатылы жүйесі кадрларды іріктеумен, тестілеу бағдарламаларының, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға конкурстар өткізу тәртібінің өзгерістермен таныстырды және қақтығысын болғызбау және реттеу жөніндегі шараларды өткізу туралы. Семинар өткізу барысында, қатысушылармен ішкі конкурстар өткізу және үлгілік біліктілік талап…

0
0
344

Құқықтық сауаттылығын арттыру-басты міндеттерінің бірі

А.ж. 7 қыркүйек күні Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметшілеріне құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында мемлекеттік қызмет туралы кейбір заңнамасының актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша семинар өткізілді. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің СҚО бойынша Департаментінің бас маманы Г.Д. Сәрсембаевамен мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы қағидалары мен әкімшілік және құқық қорғау қызметіне түсу үшін тестілеу өту бағдарламаларына соңғы енгізілген өзгерістері мен толықтырулары түсіндірілді. Семинарға қатысқандарға мемлекеттік қызметшілер қызметінінің тиімділігін бағалау өткізудің жаңа талаптарымен және сынақ мерзімінен өту және тәлімгерлерді бекіту, тағылымдамадан өту, ротация жүр…

0
0
438

Әкімшілік практика бойынша сұрақтар талқыланды

Департамент басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Ж.Ж. Жұмабаевтың төрағалығық етуімен 2017 жылдың 07 қыркүйегінде Департамент қызметкерлері арасында Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының 1-Басқармасы бөлімінің прокуроры Р.Х. Насировтың қатысуымен әкімшілік практика жөнінде семинар өткізілді.

Семинар барысында әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама жасалуының тәртібі, сонымен қатар, әкімшілік құқықбұзушылықты айқындау кезінде туындайтын басты мәселелер талқыланды.

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексімен көзделген тәртіп пен рәсімдерге аса назар бөлінді.

Семинар соңында прокурормен тиісті ұсынымдар берілді, сонымен бірге қызметкерлер заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мүмкіндігін қарастыру бойынша ұсынымдар енгізді.

0
0
472

Аққайын ауданы Смирново ауылында «Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы

Солтүстік Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы топтардың жұмыс кестесіне сәйкес а.ж. қыркүйек айынан бастап Аққайын ауданының тобы өз жұмысын бастады. 4 қыркүйекте Смирнов аул округінде ақпараттық кездесулер өтті. Топ мүшелері Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі Смирнов интернат-үйінде, білім бөлімінде және Аққайын ауданы мәслихатының аппаратында кездесу өткізді. Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі ережелері түсіндірілді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнероликтер көрсетілді. Сонымен бірге қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды. Тұрғындар аулдағы мемлекеттік органдардың жұмысына оң пікірлерін берді. Өтініш білдіргендерді мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу, анықтамаларды алу ережелері туралы сұрақтар қызықтырды. Барлық сұрақтарға түсіндір…

0
0
367

Электронды түрде мемлекеттік қызметтерді алу жөніндегі село тұрғындарын оқыту

«Е-gov – шұғыл мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» науқаны шеңберінде, көшпелі мобильді ХҚКО-мен аудандар селолық аймақтарында электронды түрде мемлекеттік қызметтерді алу жөніндегі оқыту өткізілуде, бұл ағымдағы жылдың мамыр айында басталды және қыркүйек айының соңына дейін жалғастырылады.

А.ж. 4 қыркүйкте Тайынша ауданы Дашко-Николаевка, Шұнқыркөл селоларының 14 тұрғынына оқыту өткізілді, осы бағытта жұмыс жалғастырылатын болады.

0
0
299