Мамлют қаласында мемлекеттік қызметшілерді көшпелі оқыту өтті

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығымен 2017 жылдың 20-22 қыркүйек аралығында Мамлют ауданында «Мемлекеттік қызметтер сапасын басқару» тақырыбы бойынша мемлекеттік қызметшілер үшін көшпелі оқыту өткізілді.
Оқу барысында мемлекеттік қызмет көрсету саласын реттейтін заңнаманың сақталуы туралы Департаменттің мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы Ә.О. Әубәкірова ақпараттандырды, ол заңнаманы және мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттерін сақтауға ұсынды, көрсетілетін қызметті алушыларға қолжетімді нысанда көрсету тәртібі туралы түсіндірме берді, мемлекеттік қызмет алған кезде азаматтардың құқықтарын бұзбау туралы айтылды.
Оқыту қорытындысы бойынша 20 мемлекеттік қызметші сертификат алды.
