Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Петропавлда «АДАЛ ҰРПАҚ» еріктілер клубының 1-ші Облыстық слеті өтті

Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру үрдісіне ерекше көңіл бөлінуде.

Өткен жылдан Агенттікпен рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбие беру контекстінде мектеп ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі жұмыс бастау алып, оның шеңберінде «Адал ұрпақ» еріктілер клубтарының қызметі ұйымдастырылып, тұрақты түрде жаңартылатын «Парасатты азамат» бұрыштары құрылды.

Қазіргі уақытта өңірде 432 «Адал ұрпақ» еріктілер клубы ашылып, оған 69 802 оқушы мүшелік етуде, «Парасатты азамат» бұрыштарының да саны 432-ге жеткен. Олармен түрлі пікірталастар, патриоттық форумдар, акциялар, конкурстар, театрлық қойылымдар және т.б. іс-шаралар ұйымдастырылған.

Осыған байланысты, а.ж. 15 қыркүйегінде атқарылған жұмысты қорытындылау мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаментімен облыс аудандарының алты жүзден астам дегелегатының басын біріктірген салтанатты жиын өткізілді.

Жүзге жуық оқушы келген қонақтарды Жастар сарайы алдында «Бір ел. Бір тағдыр. Бір болашақ» флешмобымен қарсы алды. Сондай-ақ олардың назарына еріктілер клубтары мүшелерінің шығармашылық жұмыстарынан ұйымдастырылған арнайы көрме ұсынылды.

Слеттің салтанатты бөлігінде Департамент басшысы Ғ.С. Тұрсынбаев адамдарда, оның ішінде өскелең ұрпақтың бойында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру ел саясатының маңызды бағыттарының бірі екендігін атап өтті.

«Сендер тың идеялар мен сарқылмас қуаттың қайнар көзісіңдер. Адамгершілік және ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиеленген ұрпақ қана, аға буынмен артылған сенімді ақтай алады. Сондықтан әрқашанда еліміздің патриоты болуларыңа тілектеспін», - деді Ғалым Тұрсынбаев.

Клубтардың ең белсенді өкілдері 14 номинация бойынша марапатталды. Олардың ішінде «Парасатты азамат», «Ең белсенді клуб», «Үздік үгіт бригадасы», «Ең ұйымшыл команда» және т.б.

Облыстық білім басқармасының басшысы Г.Р. Кәрімова жазғы уақытта балаларда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмысқа белсенді атсалысқаны үшін балаларды сауықтыру лагерлерінің бірқатар директорларына алғыс хаттар табыс етті.

Слет барысында «Адал ұрпақ» клубтарының қатарын толықтырған 30 оқушы салтанатты түрде ант қабылдап, облыстық мәслихаттың депутаты Р.И Евдаевпен тағайындалған, мектепке қажет сыйлықтарға ие болды.

Мамлют ауданының өкілдері болса, жиылған қауымға «Мен – өз елімнің патриотымын» атты флешмобымен өз өнерлерін көрсетті.

Іс-шара облыстың шығармашылық ұжымдарының концерттік бағдарламасына ұласып, естелік суретке түсумен аяқталды.

 
0
0
745

Осы тақырып бойынша

Петропавлда «АДАЛ ҰРПАҚ» еріктілер клубының 1-ші Облыстық слеті өтті - Yvision.kz