Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

№6 орта мектебінде сыбайлас жемқорлықты алдын алу

А.ж. 19 қыркүйегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ мүшелерінің Петропавл қаласының №6 орта мектебінің ұжымымен кездесуді өткізді.

Қатысқандар алдында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша Департаментінің бас маманы А.Е. Сатанов және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы СҚО бойынша Департаментінің инспекторы С.Н. Зайцева, И.С. Татваев – «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы Қоғамдық кеңесінің мүшесі сөз айтты.

Баяндаушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы жөнінде жаңа тәсілдер туралы айтты, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының басты ережелерімен таныстырды, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық және басқа зардаптарын түсіндірумен, өткен жылдың сыбайлас жемқорлық істерінің нақты мысалдарына тоқталды.

Заңды қолдану салалары жөнінде және оның жекелеген ережелері тұралы барлық түскен сұрақтарға аудиторияға толық түсіндірме берілді.

Іс-шара соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнероликтер көрсетілді.

 
0
0
293

Осы тақырып бойынша

№6 орта мектебінде сыбайлас жемқорлықты алдын алу - Yvision.kz