Мазмұнға өту
finpol

Финансовая полиция

@finpol

Сайтта 2010 ж. 29 шілдеКазахстан, Астана

Агентство Республики Казахстан по борьбе с экономической и коррупционной преступностью (финансовая полиция)

рейтинг

100

жазбалар

326

пікірлер

0

тіркелуші

11

жазылымдар

0

Қаржы полициясы Қызылорда облысы бойынша Монополияға қарсы инспекциясының бастығын ұстады

2014 жылғы 16 қаңтарда өткізілген арнайы жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Қызылорда облысы бойынша Қаржы полициясы департаменті облыстық Монополияға қарсы инспекциясының бастығы А.Аймырзаевқа қатысты пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Оған 2014 жылғы 15 және 16 қаңтар күні «Қызылорда тазалығы» ЖШС директорынан мемлекеттік сатып алу бойынша келісім-шарттың мерзімін ұзартуды келісу үшін 2 мың АҚШ доллары және 295 мың теңге көлемінде пара алды деген айып тағылуда.

18 қаңтарда сот Аймырзаевты үй қамауына алуды санкциялады.
Қылмыстық іс тергелуде, өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.

0
0
420

Жамбыл облысының Қаржы полициясы ірі көлемдегі темекі өнімдерін ұстады

Жамбыл облысының Қаржы полициясы департаменті заңсыз кәсiпкерлiк фактісі бойынша аз-т Т-ға қатысты қылмыстық іс қозғады. Атап айтқанда, 2013 жылғы желтоқсанда Қаржы полициясы қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Меркі ауданы, Андас батыр ауылындағы үйлердің бірінде «Мерседес-Бенц» автокөлігінде «Беломор канал» – 500 дана, «Bond» – 2 300 дана, «Imperial Classic» – 3 000 дана, «West» – 500 дана, «Esse» – 500 дана, «Sobranie» – 1 000 дана, «LD» - 1 000 дана, «Sovereign» – 5 000 дана акцизделетін тауар өнімдерін ұстады. Жамбыл облысы бойынша сот сараптамасы институтының сот - тауарлық сараптамасының қорытындысына сәйкес, ұсталған акцизделетін тауар өнімдерінің бағасы 2 млн. теңгеден астам ақша-қаражатты құрайды. Аталған азамат табылған акцизделетін тауар өнімдері арқылы,…

0
0
563

Қаржы полициясының офицерлері Тараз қаласындағы ірі заңғар дүкендерінің бірінде өрескел қарақшылық шабуылдың алдын алды

Ағымдағы жылғы 31 желтоқсанда сағат 21.00 шамасында Қаржы полициясы департаменті ғимаратының жанында орналасқан Тараз қаласы супермаркеттерінің бірінде өрескел қарақшылық шабуыл орын алды. Тонау мақсатында пышақпен қаруланған бетпердедегі 4 адам дүкен ғимаратына баса кіріп, аталған супермаркет күзетшілерінің бірін ауыр жарақаттады. Жаңа жылдық мерекесі қарсаңында дүкенде көптеген сатып алушылар, оның ішінде қаржы полициясы офицерлері де болған. Қаржы полициясының қызметкерлері күш қолданып супермаркеттің күзетшілерімен бірлесе отырып 3 тонаушыны құрықтады. Бұдан соң қаржы полициясы қызметкерлері қаскүнемдерді аталған оқиға орын алған жерге жеткен ішкі істер органдардарының жедел тобына тапсырды. Осылай, Жамбыл облысының Қаржы полициясы қызметкерлері іс-әрекеттерінің тапқырлығы мен жеделді…

0
0
485

Қаржы полициясы Елбасының алкогольдің заңсыз айналымын жою туралы тапсырмасын орындауда

Қаржы полициясының қызметкерлері желтоқсанда жалған маркалар жапсырылған есепке алынбаған алкоголь өнімін ірі көлемде шығарумен айналысқан зауыт пен қолдан құю арқылы контрафактілік алкоголь дайындалған астыртын цехтың заңсыз қызметін тоқтатты. Мәселен, республиканың барлық аумағында жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Қаржы полициясы агенттігінің қызметкерлері Ақтөбе облысында түнгі уақытта акциздік бекет қызметкерлері жоқ кезде есепке алынбаған алкогольдік өнімді шығарумен айналысқан «АкРоссПищепром» ЖШС арақ-шарап зауытының заңсыз қызметінің жолын кесті. Зауыт аумағынан және онда тұрған жүк автокөліктерінен, сондай-ақ Ақтөбе қаласының сауда нүктелерінен аталған зауытта шығарылған жалпы саны 600 мың шөлмек жалған есепке алу бақылау маркасы жапсырылған алкоголь өнімі тәрк…

0
0
362

Сот ауыл шаруашылығы вице-министрін қамауға алуды санкциялады

Ағымдағы жылғы 24 желтоқсанда Астана қаласының Алматы аудандық №2 соты қылмыстық іс бойынша берілген материалдардың негізінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің вице-министрі Умирьяевті қамауға алу бұлтартау шарасын санкциялады.

Ол мемлекеттік сатып алулар конкурсында жеңімпаз атану үшін кәсіпкерден 100 мың АҚШ доллары сомасында пара алды деп айыпталуда.

Умирьяев Қаржы полициясы агенттігінің қызметкерлерімен 21 желтоқсанда өз пәтерінде пара алғаннан кейін ұсталды.

Қылмыстық іс тергелуде, өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.

0
0
281

Қаржы полициясы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Резерв» республикалық мемлекеттік кәсіпорынының басқарма бастығын ұстады

Ағымдағы жылғы 9 желтоқсанда кешенді жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Қаржы полициясы агенттігінің қызметкерлері жобалық-сметалық құжаттаманы дайындау бойынша жұмыстарды қабылдауға көмектескені үшін 230 мың теңге көлемінде ақшалай қаражат алды деген күдікпен ҚР Төтенше жағдайлар министрлыгінің Мемлекеттік матеиалдық резерв комитенің «Резерв» республикалық мемлекеттік кәсіпорынының басқарма бастығы М. Бләловты ұстады.

Қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес Бләлов өз кінәсін толық мойындауына және жиналған дәлелдемелерге күмән келтірмеуіне байланысты, бұл факт бойынша өндіріс оның келісімімен жеңілдетілген тәртіпте жүргізілді.
Қылмыстық іс қозғалып, сотқа тапсыру үшін прокуратура органдарына жолданды.

0
0
337

Қаржы полициясы жалған кәсіпорынға қолдаушылық жасаған Салық басқармасының жетекшісін жауапкершілікке тартты

Ағымдағы жылғы 23 қарашада Ақмола облысы бойынша қаржы полициясы департаменті Есіл ауданы бойынша Салық басқармасының жетекшісіне қатысты қызметтік өкілеттігін теріс пайдалануы факті бойынша қылмыстық іс қозғады. Ол 2012 жылғы сәуірде «Бекнур Есиль» ЖШС нақты орналасқан жерін салықтық зерттеу туралы жалған актіні, осы ЖШС–нің және басқа кәсіпорындарымен қарсы тексеріс актілерін құрастыру туралы бағынышты қызметкерлеріне заңсыз нұсқауларды беру жолымен әрі қарай жалған кәсіпкерлік қызметін жүргізуге жағдай жасаған. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес, күдікті өз кінәсін мойындап, жинаған дәлелдерге күмән тудырмағандықтан, оның келісімімен осы факті бойынша іс жеңілдетілген тәртіпте жүргізілді. Сол күні қылмыстық іс сотқа жолданды. Есіл аудандық сотының үкіміме…

0
0
227

Қаржы полициясы контрабандамен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топқа көмек жасаған тағы бір кеден қызметкерін анықтады

Ақтөбе облысы бойынша қаржы полициясы Департаменті мұнайды ұрлау және контрабандамен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топқа көмек жасаған Ақтөбе облысы Кедендік бақылау департаментінің «Энергетикалық» кеден бекетінің бас маманы Қонаевты қамауға алғандығы туралы ертеректе хабарлаған болатын. Ол ағымдағы жылғы мамыр айында, қылмыстық топ мүддесіне жұмыс істей келе, 1200 АҚШ доллары заңсыз сыйақы үшін лабороторияға зерттеуге мұнай үлгілерінің орнына мазутты жіберіп, мұнайдың мазут түрінде контрабандалық жолмен кетуіне септігін тигізген. Ағымдағы жылғы 29 қарашада Ақтөбе облысы Кедендік бақылау департаментінің «Энергетикалық» кеден бекетінің бас маманы Тлеуовқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол да 2013 жылғы маусым айында лабороторияға зерттеуге мұнай үлгілерінің орнына мазутты жіберіп, сол үш…

0
0
352

Қаржы полициясы шетелге жалпы құны 1 620 000 долларды құрайтын тепловоздарды заңсыз шығарудың фактісін анықтады

Ағымдағы жылғы 6 желтоқсанда Қостанай облысының  қаржы полициясы қызметкерлері «Желдоркомпания» ЖШС лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Оларға жөндеуге деген желеумен Ресей Федерациясының Брянск облысына ТЭМ–18 маркалы 2 тепловозды сату үшін заңсыз шығарды деген күдік тағылуда. Ол үшін жалған құжаттар дайындалып, зауыт номерлері өзгертілген.

Бұл техника «Желдоркомпания» ЖШС мен акцияларының бақылау пакеті «Самұрық қазына» ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі «Альянс банк» АҚ арасында жасалған қаржылық лизин келісімі бойынша кепілзат болып табылады.

Қылмыстық іс тергелуде, нәтижелері жұртшылыққа жеткізілетін болады.

0
0
290

Қаржы полициясы салық органдарының қызметкеріне пара берген жеке кәсіпкерді ұстады

2013 жылғы қарашаның соңында Қарағанды облысы бойынша ЭСЖКД Жезқазған аймағы бойынша қаржы полициясы басқармасына Жезқазған қ. Салық басқармасының бас маманы өзіне әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін бірнеше рет пара ұсынған кәсіпкер С.Лиге қатысты арызбен жүгінген. А.ж. 21 қарашасында Жезқазған қ. Салық басқармасының қызметтік кабинетінде, С.Ли осы мекеменің қызметкеріне кезекті рет пара ұсынған, және мұның сыбайлас жемқорлық қылмыс болып табылатыны туралы ескерткенге қарамастан, үстелге 30 мың теңгені қойған. 23 қарашада С.Лиге қатысты пара беру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазақстан Республикасының қылмыстық-іс жүргізу заңнамасына сәйкес, Лидің өз кінәсін толық мойындағанын және келтірілген дәлелдерге дау айтпағанын ескеріп, оның келісімімен осы факті бойынша іс жүргізу же…

0
0
457