Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қаржы полициясы контрабандамен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топқа көмек жасаған тағы бір кеден қызметкерін анықтады

Ақтөбе облысы бойынша қаржы полициясы Департаменті  мұнайды ұрлау және контрабандамен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топқа көмек жасаған Ақтөбе облысы Кедендік бақылау департаментінің «Энергетикалық» кеден бекетінің бас маманы Қонаевты қамауға алғандығы туралы ертеректе хабарлаған болатын.

Ол ағымдағы жылғы мамыр айында, қылмыстық топ мүддесіне жұмыс істей келе, 1200 АҚШ доллары заңсыз сыйақы үшін лабороторияға зерттеуге мұнай үлгілерінің орнына мазутты жіберіп, мұнайдың мазут түрінде контрабандалық жолмен кетуіне септігін тигізген.

Ағымдағы жылғы 29 қарашада Ақтөбе облысы Кедендік бақылау департаментінің «Энергетикалық» кеден бекетінің бас маманы Тлеуовқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Ол да 2013 жылғы маусым айында лабороторияға зерттеуге мұнай үлгілерінің орнына мазутты жіберіп, сол үшін 1200 АҚШ доллары түрінде ақшалай қаражатты алды деп күдіктенуде.

Қылмыстық іс тергелуде.

0
0
354

Осы тақырып бойынша