Қаржы полициясының офицерлері Тараз қаласындағы ірі заңғар дүкендерінің бірінде өрескел қарақшылық шабуылдың алдын алды
Ағымдағы жылғы 31 желтоқсанда сағат 21.00 шамасында Қаржы полициясы департаменті ғимаратының жанында орналасқан Тараз қаласы супермаркеттерінің бірінде өрескел қарақшылық шабуыл орын алды.
Тонау мақсатында пышақпен қаруланған бетпердедегі 4 адам дүкен ғимаратына баса кіріп, аталған супермаркет күзетшілерінің бірін ауыр жарақаттады.
Жаңа жылдық мерекесі қарсаңында дүкенде көптеген сатып алушылар, оның ішінде қаржы полициясы офицерлері де болған.
Қаржы полициясының қызметкерлері күш қолданып супермаркеттің күзетшілерімен бірлесе отырып 3 тонаушыны құрықтады.
Бұдан соң қаржы полициясы қызметкерлері қаскүнемдерді аталған оқиға орын алған жерге жеткен ішкі істер органдардарының жедел тобына тапсырды.
Осылай, Жамбыл облысының Қаржы полициясы қызметкерлері іс-әрекеттерінің тапқырлығы мен жеделдігінің арқасында қаланың ірі супермаркеттерінің бірін тонаудың, сондай-ақ азаматтардың өмірі мен денсаулығына зиян келтірудің алдын алды.
Қазіргі уақытта аталған 3 тұлғаға қатысты Ішкі істер департаментінің қызметкерлері ҚР ҚК 179-б. 2-б. (қарақшылық) бойынша қылмыстық іс қозғап, «қамауға алу» бұлтартпау шарасы қолданылды.
Бақылау камераларына түсірілген бейнені келесі сілтеме арқылы көрүге болады: http://www.youtube.com/watch?v=SlChqxRPVJw&feature=c4-overview&list=UUP4gwMO4Kd0Ex2zYA1-xWvw
