Қаржы полициясы шетелге жалпы құны 1 620 000 долларды құрайтын тепловоздарды заңсыз шығарудың фактісін анықтады
Ағымдағы жылғы 6 желтоқсанда Қостанай облысының қаржы полициясы қызметкерлері «Желдоркомпания» ЖШС лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Оларға жөндеуге деген желеумен Ресей Федерациясының Брянск облысына ТЭМ–18 маркалы 2 тепловозды сату үшін заңсыз шығарды деген күдік тағылуда. Ол үшін жалған құжаттар дайындалып, зауыт номерлері өзгертілген.
Бұл техника «Желдоркомпания» ЖШС мен акцияларының бақылау пакеті «Самұрық қазына» ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі «Альянс банк» АҚ арасында жасалған қаржылық лизин келісімі бойынша кепілзат болып табылады.
Қылмыстық іс тергелуде, нәтижелері жұртшылыққа жеткізілетін болады.
