Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қаржы полициясы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Резерв» республикалық мемлекеттік кәсіпорынының басқарма бастығын ұстады

Ағымдағы жылғы 9 желтоқсанда кешенді жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Қаржы полициясы агенттігінің қызметкерлері жобалық-сметалық құжаттаманы дайындау бойынша жұмыстарды қабылдауға көмектескені үшін 230 мың теңге көлемінде ақшалай қаражат алды деген күдікпен ҚР Төтенше жағдайлар министрлыгінің Мемлекеттік матеиалдық резерв комитенің «Резерв» республикалық мемлекеттік кәсіпорынының басқарма бастығы М. Бләловты ұстады.

Қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес Бләлов өз кінәсін толық мойындауына және жиналған дәлелдемелерге күмән келтірмеуіне байланысты, бұл факт бойынша өндіріс оның келісімімен жеңілдетілген тәртіпте жүргізілді.
Қылмыстық іс қозғалып, сотқа тапсыру үшін прокуратура органдарына жолданды.

0
0
339

Осы тақырып бойынша

Қаржы полициясы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Резерв» республикалық мемлекеттік кәсіпорынының басқарма бастығын ұстады - Yvision.kz