Қаржы полициясы контрафактілік шемішке саудасының жолын кесті
Қарағанды облысы қаржы полициясы Департаментінің қызметкерлері 2013 жылдың қыркүйегінде жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Қарағанды базарларының бірінде заңсыз, контрафактілік шекілдеуік өнімдерінің сатылымға шығарылғанын анықтады. Тауар Астана қаласынан әкелінген. «Джин» (Ресей, Челябинск қаласы) сауда белгісі бар жалған шемішке өнімдерін Қарағандының көтерме базарына В.Юсупов жеткізген. Контрафактілік тауарды ол М.Насыровтан сатып алған. Тергеу барысында М.Насыровтың төрт ай бойы аталған контрафактілік өнімді Астанадан Қарағандыға тасымалдаумен айналысқаны мәлім болды. Нәтижесінде жалпы сомасы 1,7 млн. теңге құрайтын,14,5 мыңнан астам қаптамадағы тауар тәркіленді. Шекілдеуіктердің қаптамасында өнімнің дайындалған күні мен штрих-коды көрсетілмеген. Тауар нарықтық бағадан 12% төмен…