Ақмола облысы бойынша Қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы ТЖМ Көкшетау техникалық институтына оқуға түсетін талапкерлер мен олардың ата-аналарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптарын түсіндірді
2014 жылғы 18 шілдеде Ақмола облысы бойынша Қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы ТЖМ Көкшетау техникалық институтына оқуға түсетін талапкерлермен және олардың ата-аналарымен кездесуге қатысты. Іс-шараға ТЖМ КТИ басшылығы, Өртке қарсы қызмет комитетінің және қабылдау комиссиясының төрағасы С.Аубакиров, Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты Ж.Е.Ерғалиев, "Нұр Отан" партиясының, прокуратура органдарының және БАҚ өкілдері қатысты. Кездесу ТЖМ Көкшетау техникалық институтына оқуға түсетін талапкерлерді іріктеу кезінде Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын сақтауға арналған. Қабылдау комиссиясының төрағасы С. Аубакиров кездесуді ашып, іс-шараның мақсаты мен міндеттерін атап өтіп, кездесу қонақтарын ұсынды. Ақмола облысы бойынш…