Қызылорда облысы бойынша қаржы полициясы 2014 жылғы 6 айдың жұмыс нәтижелерін қорытындылады
2014 жылғы 10 шілдеде Қызылорда облысы бойынша Қаржы полициясы департаментінің бастығы М.Қожабаевтың төрағалығымен Департаменттің 2014 жылғы 6 айдың жұмыс қорытындысы бойынша жедел мәжіліс өтті. Қызылорда облысы бойынша Қаржы полициясы департаментінің жедел-қызметтік іс-әрекеті Елбасы қойған талаптар мен Агенттік Төрағасы айқындаған міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған. Ол сыбайлас жемқорлыққа және «көлеңкелі» экономикаға қарсы іс-қимыл және кәсіпкерлер мен азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау арқылы еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Алға қойған міндеттерді жүзеге асыру үшін Департамент 2014 жылдың 6 айында 252 қылмыс анықтады. Оның ішінде 64 сыбайлас жемқорлық санатындағы қылмыстар. Анықталған қылмыстық істер бойынша келтірілген залал мөлшері 1,8 млрд.…