Ақмола облысы бойынша Қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы ТЖМ Көкшетау техникалық институтына оқуға түсетін талапкерлер мен олардың ата-аналарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптарын түсіндірді
2014 жылғы 18 шілдеде Ақмола облысы бойынша Қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы ТЖМ Көкшетау техникалық институтына оқуға түсетін талапкерлермен және олардың ата-аналарымен кездесуге қатысты. Іс-шараға ТЖМ КТИ басшылығы, Өртке қарсы қызмет комитетінің және қабылдау комиссиясының төрағасы С.Аубакиров, Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты Ж.Е.Ерғалиев, "Нұр Отан" партиясының, прокуратура органдарының және БАҚ өкілдері қатысты.
Кездесу ТЖМ Көкшетау техникалық институтына оқуға түсетін талапкерлерді іріктеу кезінде Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын сақтауға арналған. Қабылдау комиссиясының төрағасы С. Аубакиров кездесуді ашып, іс-шараның мақсаты мен міндеттерін атап өтіп, кездесу қонақтарын ұсынды.
Ақмола облысы бойынша Қаржы полициясы департаменті заң қызметі бөлімінің бас маманы А.Жунусова және ақпараттық-талдау бөлімінің аға инспекторы Д.Қасенова өз баяндамаларында мемлекетіміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптарын ашып, сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен заң бұзушылықтар жасағаны үшін белгіленген жауапкершілік шаралары туралы айтып берді.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактiсi туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен жәрдемдескен адамдарды көтермелеу, яғни ақшалай сыйақы беру қағидалары туралы түсініктер берді.
Ата-аналардың сұрақтарына Қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері, Институт басшылығы мен Қабылдау комиссиясының төрағасы жетік жауап берді.
Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы С.Аубакиров кездесуді қорытындылай отыра, талапкерлерге сәттілік тілеп, қабылдау комиссиясы іріктеу кезінде барынша ашықтылық пен айқындық саясатын жүргізетіні туралы айтты.
