ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

ПЕТРОПАВЛ қ. ПБ ФРОНТ-ОФИСІНЕ БІР ЖЫЛДЫҢ ІШІНДЕ 30 МЫҢНАН АСА АДАМ ЖҮГІНДІ

2018 жылы қарашада Петропавл қ. Полиция басқармасында фронт-офис ашылып, полиция бөліністерінің қызметкерлері азаматтарды қабылдауды жүргізе бастады. Бір жылдың ішінде ішкі істер органдарының құзыретіне кіретін 30 мыңнан аса сұрақ келіп түсті. Қазір ішкі істер органдарының қызметкерлері азаматтардың өтініштерін қараудың жаңа форматына көшті. Осы орайда, халықпен кері байланысты дамыту жөніндегі жоба аясында алғашқы рет фронт-офисте қалалық полиция басшылығымен онлайн-диалог өткізілді.

Желі қолданушыларының сұрақтарына әлеуметтік желілердегі СҚО ПД аккаунттарының тікелей эфирінде облыс орталығындағы жедел жағдай туралы Петропавл қ. ПБ бастығы Жандос Мұқатов, сондай-ақ СҚО ПД басқармасының бастығы полиция полковнигі Жандос Басыбаев есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл сұрақтарына жауап берді.

Тікелей эфир өткен бір сағаттың ішінде жол қозғалысы қауіпсізідігіне, қоғамдық тәртіп, қылмыстық істерді тергеу, кадр жұмысына қатысты 30 астам сұрақ келіп түсті. Көбінесе, петропавлдықтарды қала көшелерінде тегін таратылған кока-кола мәселесі қызықтырды. Жандос Мұқатов аталған факті бойынша тексеріс жүргізілгенін айтты. Учаскелік полиция инспекторлары жарнама науқаны барысында өтіп бара жатқан адамдарға сусынның тегін таратылғанын анықтады. Бірнеше апта бұрын қалалықтар әлеуметтік желілерде таратылған сусынның құрамы бойынша өз алаңдатушылықтарын білдірген.

Петропавлдықтар жол белгілері мен таңбаларын орнату бойынша пікірлерін айтқан. Қалалықтар қалалық полиция басшылығына Әуезов көшесі бойындағы жол инфрақұрылымын жақсарту қажеттігіне назар аударуын өтінді. Такси жүргізушілерін қандай да бір есірткі қылмысы бойынша ақпаратты қайда хабарлау қажеттігі қызықтырды. Полицейлер 39-41-93, 8-707-500-96-65 (WhatsApp) ЕҚҚІҚБ сенім телефонын хабарлады.

СҚО ПД баспасөз қызметі