Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

СҚО полицейлері Арыс қаласында зардап шеккендерге біркүндік жалақыларын аударады

Еліміздің оңтүстігіндегі қайғылы оқиғаларға байланысты СҚО ПД зардап шеккендерге қаражат жинауды қолдады. «Бұл күндері еліміз осындай төтенше жағдайлардың салдарынан зардап шеккен қандастарымыздың өмірі үшін алаңдауда. Біз кез келген көмекке мұқтаж отандастарымызға қолдау көрсетуді азаматтық борышымыз деп санаймыз», - деді СҚО ПД бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев.

Еліміздің шалғайында жатқан солтүстікқазақстандық полицейлер материалдық көмек көрсетуге бастамашылық етті. Полиция бөліністерінің бастықтары біркүндік жалақыларын аударады. Жеке құрам да Түркістан облысында зардап шеккендерге қол ұшын созуға дайын екендігін білдірді.

СҚО ПД баспасөз қызметі

0
0
281

Осы тақырып бойынша