СҚО-да құрамында психотропты заттар бар дәрі-дәрмекті сатқаны үшін фармацевт айыппұл төлеуі мүмкін
Операцияның негізгі бағыты – құрамында есірткі заты бар дәрі-дәрмектер мен есірткі заттары прекурсорларының заңды айналымы қағидаларын сақтауды бақылау. Тәртіп сақшылары дәріханалар, медициналық мекемелер, өндірісте қышқылдарды пайдаланатын кәсіпорындарды назарға алды. Іс-шараны өткізу кезеңінде 9 килограмнан астам түрлі есірткі заттары, оның ішінде 20 таблетка психотропты заттар мен құрамында есірткі заты бар дәрілік препараттардың 100 ампуласы алынды. Анықталған құқық бұзушылықтың бірі психотропты зат бар дәрілерлерді рецептісіз босатумен байланысты болды.
Осы факті бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 426-бабы бойынша әкімшілік материал жиналды. Тағы бір құқық бұзушылық – құрамында есірткі және психотроптық заттар бар дәрілік препараттардың ампулаларын уақтылы жоймау. Барлық кезеңде оларды пайдалану қатаң бақылауды талап етеді.
«Осы іс-шара бірінші жыл өткізіліп тұрған жоқ, дәріхана иелерімен, мекемелердің және кәсіпорындардың басшыларымен құрамында есірткі заттары бар дәрі-дәрмектерді қолдануға қатысты бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілік туралы тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттардың,медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласының қағидаларын бұзғаны үшін жетпістен мыңға дейін АЕК түрінде әкімшілік жауапкершілік көзделгенін естеріңізге саламыз» - дейді ЕҚҚІҚБ бастығы полиция полковнигі Жандос Басыбаев. – Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес саласында жұмыс қатар жүргізілді. Сонымен қатар, рейд барысында ұсталғанның айтуынша «спайс» атауымен белгілі синтетикалық есірткіні алу фактісі тіркелді.
Барлығы жыл басынан СҚО-да 132 есірткі қылмысы, оның ішінде 26 есірткіні өткізу фактісі анықталды. Заңсыз айналымнан 85 аса есірткі заты, оның ішінде 106 гр. героин алынды.
СҚО ПД баспасөз қызметі
