Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

СҚО-ның ПОЛИЦЕЙЛЕРІ АЛҒАШҚЫ ОФИЦЕР АТАҚТАРЫН АЛДЫ

Нұсқаулық жүргізу, қызметте көзге түскен қызметкерлерді марапаттауды облыстық полиция ведомствосының басшылығы өткізеді. Өткен жұма күні 100-ден аса полицей, әскери қызметші және күзет құрылымдарының қызметкерлері кешкі қызметтерін Қазақстан Конституциясы көшесіндегі Тәуелсіздік стелласынан бастады. «Құқықтық тәртіп қызметкерлеріне азаматтардың сенімі – қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша жұмыстың тиімділігін арттыруға септігін тигізеді. Осындай көпшілік алдында өткізілетін іс-шаралар – жұмыстың ашық форматына тағы бір қадамды көрсетеді», - деп атап өтті СҚО ПД бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев.

Облыстық полиция ведомствосының қызметке кірісуге бұйрық берместен бұрын қылмысты ашуда және құқық бұзушыларды ұстауда көрсеткен кәсібиліктері үшін полиция офицерлері мен сержанттарына алғыс хаттарды табыс етті. Патрульдік полиция қызметінің инспекторы полиция лейтенанты Асхат Құрмашовтың қырағылығы автомашинаны айдап әкетуді ізін суытпай ашуға және иесіне қайтаруға септігін тигізді. Ол қыркүйек айының басында жол жүрісі ережесін бірнеше рет бұзғаны үшін Кошуков және Сәтпаев көшелерінің қиылысында автомобиль жүргізушісін тоқтатқан. Құжаттарын тексеру барысында жүргізуші автомашинаның иесі емес екендігі анықталды. Көлік иесі машинаның жоғалғанын біліп те үлгермеді. Көрсеткен әрекеттері үшін алғыс хатпен марапатталды. Сондай-ақ, бірнеше қызметкерге салтанатты түрде алғашқы және кезекті офицер атақтары табыс етілді. Үш жас полицей кіші лейтенант атағын алды. Стас Власов офицер атағы үлкен жауапкершілікті жүктейді дейді.

Барлығы түнгі ауысымға 160 қызметкер, оның ішінде әскери қызметшілер мен 18 автопатруль түсті.

СҚО ПД баспасөз қызметі

0
0
371

Осы тақырып бойынша