СҚО-да солтүстікқазақстандық полицияның батырлары велошеруге шықты
100 астам полиция қызметкерлері мен олардың балалары, ішкі істер органдарының ардагерлері жарыс жолына шықты. Велошерудің шымылдығын полиция қызметкерлерінің үш дөңгелекті велосипедтер мен өздігінен самокаттарды мінген жас бүлдіршіндері ашты. Оларды екі доңғалақты велосипедке отырған ересек балалар мен веломектептің тәрбиеленушілері қолдады. Мәре сызығында бүлдіршіндерді Әйелдер кеңесі дайындаған сыйлықтар күтіп тұрды.
Шараның басталар сәті де келіп жетті. Велошерушілердің көшін облыстық полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев бастады. «Дене шынықтыру – құқықтық тәртіп органдары қызметкерлерін кәсіби даярлаудың кепілі. Осындай жаппай іс-шара арқылы біз бойымызда күш біріктіру мен дене шынықтыру дайындығын қалыптастырамыз...», - деп айта кетті ведомство басшысы, сөз соңында жеке құрамды алдағы келе жатқан кәсіби мерекемен құттықтады.
ПД бастығының орынбасарлары, полиция басқармаларының бастықтары қос дөңгелекті көлікті тізгіндеді. Түрлі төтенше жағдайларда адам өміріне араша түскен, өздерінің жарқын істерімен ерекшеленген ержүрек полицейлер жеке кезеңмен жүріп өтті. Олардың ізін погон таққан дарындылар – Полиция департаменті Мәдени орталығының қатысушылары жалғады. Қызметтердің нәзік жанды басшылары әріптестерімен бірге жеке кезеңмен арақашықтықты жүріп өтті. Велошерулердің бағыты Партизан, Жамбыл, Бөкетов, Астана көшелері арқылы өтіп, жалпы ұзақтығы 3 шақырымды құрады. Тәртіп сақшылары Қазақстан Конституциясы көшесінде орналасқан Полиция департаментінің әкімшілік ғимараты алдындағы мәреге табан тіреді. Мұнда велошеруге қатысушыларды қолдарында шарлар мен жалаушалары бар қаз-қатар тізілген адамдар қатары мен үрмелі аспаптар оркестрі қарсы алды. Патриоттық әндермен астасқан концерт іс-шараны ажарландыра түсіп, ерекше рух берді. Велошеруге қатысушылар тілшілермен сұхбаттасты. «Мен осындай ауқымды іс-шараға алғаш қатысып отырмын. Туған қала көшелерін аралаған сәтте таңдаған мамандығыма, өз еліме, көшеде қол бұлғап қарсы алған адамдарға деген мақтаныш сезімім арта түсті», - дейді Қанат Фазылов. Айта кететін болсақ, екі жыл бұрын Есіл ауданында жол-көлік оқиғасы кезінде әйел адамды ажал аузынан аман алып қалған. 70 қызметкер және қызмет ардагерлерінің қатысуымен велошеру өткізген МКҚБ қызметкерлері облыстық аппараттың бастамасын қолдады.
СҚО ПД баспасөз қызметі
