Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Солтүстікқазақстандық полицейлер биылғы жылы іздеу жарияланған 30 қылмыскерді іздестірді

«Өткен жылдары жасалған және «ізін суытпай» ашылмаған қылмыстарды ашу ерекше бақылауда. Сондай-ақ, анықталған, бірақ сот пен тергеуден жасырынып жүрген қылмыскерлерді ұстау жедел уәкілдер жұмысының басым бағыттарының бірі», - деді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Петр Климов.

...Жедел іс-шаралар жүргізу нәтижесінде автокөліктерді айдап әкетумен айналысқаны үшін іздестірілудегі Петропавл қаласының 28 жастағы тұрғыны ұсталды. Оның мойнында осындай 6 факті бар. Тәртіп сақшылары оны Павлодар қаласында құрықтады. Үстіміздегі жылғы көктемде қаскөй бір түннің ішінде бөтен 6 көлікті айдап әкеткен. Көліктерді бірінен соң бірін мініп, тоқтаған жеріне қалдырып кетіп отырған.

Қазір солтүстікқазақстандық полицейлер 36 қылмыскерді іздестіруде. Олардың көпшілігі өткен жылдары қылмыс жасағаны үшін сақшылардың назарына іліккен.

Бұдан бөлек, жедел уәкілдер із-түссіз жоғалған 26 адамның жүрген жерін анықтады.

СҚО ПД баспасөз қызметі

0
0
248

Осы тақырып бойынша