Мазмұнға өту
baydilda

Жандос Байділда

@baydilda

Сайтта 2012 ж. 12 маусымКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

29

пікірлер

12

тіркелуші

16

жазылымдар

6

Әйелдер күшейіп барады...

Ай,еркектер, ойланайық! Мен гендерлік саясаттың сап түзегенін мына Лондон Олимпиадасынан анық байқадым. Әйелдер бұрынғыдай емес, күшейіп кеткен. Еркек кінділіктілерге дабыл қағатын кез келді. Бұлай бола берсе, ІІІ дүниежүзілік соғыс дінаралық емес, нәсілдік те емес, әйелдер мен еркектердің арасында орнайтын секілді. Сол үшін бәрін алдын-ала ауыздықтайық. Көгілдірлерің еркек кейіпке қайта енбесеңдер, нәзіктерің жігіттіктеріңді естеріңе түсірмесеңдер, қатынжандыларың бір сәт ерге тән биіктіктеріңді сезінбесеңдер, көпсөзділерің әйелдің алдындағы әлсіздігіңді көрсетпей, бір сөзбен нүкте қойып, шешуші рөл атқармасаңдар болмас. Боркеміктерің Алла сені еркек қып жаратқанына шүкіршілік айтып, еңсеңді тікте. Ал, қайраттыларың мен табандыларың, батырларың мен жүрекжұтқандарың осы бағыттарыңнан тайм…

4
9
1171

«Қарақолтық»

Белгілі сатирик Қанағат Әбілқайырдың жазбасы есіме түсіп отыр. Бір оқып алыңыз... Әбекең келін түсіреді. Той тарқағаннан кейін «келін шайға» бес-алты құрдастары қалады. Дастархан жайылып, тағамдар қойылып жатыр дейді. Кимоно дейтін көйлектің жаңа шығып жүрген кезі болса керек. Жеңсіз көйлекпен алты-жеті қыз-келіншек бір кіріп, бір шығып, шай жабдығымен жүр. Әбекеңнің қабағы түсіңкіреп кеткен, жаратпай отырғанын байқаған бір құрдасы не айтар екен деп: – Әбеке, мыналардың ішіндегі сіздің келініңіз қайсысы? – депті. Сонда Әбекең басын көтерместен: – Қолтығының жүні қалыңдауы менікі, – депті. Еріксіз бір күліп алдым. Бұл ауыздың алты ауызын есіме түсірген кешегі 63 келі салмақта зілтемір көтерген австралиялық Син Ли. Автралиялықтар мұндай емес еді ғой деймін іштей. Мүмкін 18 ғасырда еуропалық…

Ақкенженің «ақиқаты» (Қысыр әңгіме)

Менің есімде, бұрындары ауылда тек ересек кісілер ғана ауыз бекітетін. Қазір ғой, көпшіліктің діни сауаты артып, еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін ораза ұстайтыны. Содан Шәрипа апамыз да (ауылда ол кісіні Шапок дейді сыртынан) сауапты молынан жинағысы келді ме, күйеуін де, балаларын да ауыз бекітуге «азғырады». Шиеттей бала-шаға ораза ұстаудың шарттары мен ережелерін білмесе де, Шарипа апамыздың дегенін қылып, соңынан ереді. Сірә, шешелері туған баласына жамандық ойламас деді ме, әлде «айттым бітті» деген жарлығына қарсы тұра алмағандықтан ба, бәрі еріксіз келісе кетеді. Содан қасиетті Рамазан айы да басталып, Шапок апамыздың шаңырағы түгел ауыз бекітті. Ауыл біткен оларды үдере әңгіме қылды. «Қаршадай балаларын да қинап қойғаны нес» деп іштей сыбап алғандар да болды. Өзі ауылдың ш…

2
4
1651

Қажылыққа барып келгендер діни білімін арттыруы тиіс

Ғабең (Ғабит Мүсірепов) айтыпты: «Құранды түсiнiп оқығаннан, түсiнбей оқығандағы әсерi күштi болса керек. Аудармасы арқылы оқысаң, Құран ой бiткеннiң әлсiзi, Жартыбайдың ақындығы сияқты. Ал ендi аудармаға қарамай оқығанда араб тiлiнiң әндi-күйлi ырғағы елтiп отырады» деп. Ғабеңнің сөзін бекер мысал еткен жоқпыз. Арабтың сөзін естісе істеген күнәсі көз алдында көлбеңдейтіндер бар. Құран араб тілінде жіберілгенмен, арабтың әр сөзі Алланың уахиі емес. Елтіп дегеннен шығады. Құранның ырғағына елтіп жүріп, кейбіріміз қажылыққа кетіп қалып жатамыз. Қазір өз қаржысымен қажылыққа барып, Құнанбай құсап мешіт салып қайтатындар некен-саяқ. Бұрынғының байлары айшылық алыс жерлерді күйме арбамен жүріп өтіп, мұсылмандық парызы үшін бар дүниесін тәрк ететін. Қазір олай емес. Ұшақпен барып, ұшақпен қайта…

0
1
1081

Берікбайдың шұлғауы

Берікбай деген ауылдың қарапайым шаруасы болған адам. Өкініштісі сол, осыдан бірнеше жыл бұрын 50-ге жетпей-ақ, көлденең келген аурудан көз жұмды. Ауылға арнап мешіт тұрғызбаса да, көшелі сөз сөйлеп, мінберден көрінбесе де, ешкімге залалы жоқ, барға қанағат, жоққа сабырлық етіп өткен жан болатын. Бірақ, сол Берікбаймен сабақтасатын ауылда аңыз боп қалған әзіл бар. Соны жазайын. Егер артықтау кетіп жатсам (теңеуде, суреттеуде, диалогтарда), әруақ алдында алдын-ала кешірім сұраймын. Берікбай талай үйден дәм ауыз тие алмай, арманда кететін. Ал, далада дастархан жайып, терлеп-тепшіп шәй ішіп отырған ортадан ит қосып қусаңыз да кетпейді. Шілденің шіліңгір ыстығында да қонышы тізесіне дейін жететін етігін шешпей жүретін Бекең аяғын ұзыннан созып, маңдайы жіпсіп шәй ішетін далада. Елдің барлығы…

0
0
779

«Мың балада» жоңғарлар қай тілде сөйлейді?

«Мың бала» фильмін Астана күніне орай барлық арналар жарыса беріп жатыр. Алғаш премьерасы ұсынылғанда, Құдай ұрып, орысша нұсқасына ұрынып қалғаным бар. Енді қазақша нұсқасын тағы бір қарап шығуыма мүмкіндік болды. Фильм жақсы түсірілген. Ең бастысы көрермен көңілінен шықты. Бірақ, Ақан Сатаевтың тарихи фильмдерді енді қолға алғандығы да осы туындысынан байқалады. «Мың баланы» біреулер аңдатпасында тарихи-драма деп елден сүйінші сұрап жатыр, кеше «Қазақстан» ұлттық арнасында «Қыз-Жібек» фильмінен кейінгі ең үздік туынды!» деп соқты. Апыр-ау, «Қыз-Жібек» деген класссика емес пе? Жетекші арна осылай деп жатса, қалғанынан не сұраймыз? «Мың баланы» қанша семіртіп мақтасақ та, жай ғана тарихи-көркем фильм дегеннен асырып баға беруге келмейді. Фильмде жас актерлердің шеберлігін былай қойғанда,…

2
0
3018

Менің «афоризмдерім»

Студенттік жылдарымда қойын дәптеріме түртіп жүрген сөздерім бар екен. Әрине, кезінде өз деңгейімде ұлы сөз айтқандай болған едім. Қазір ақылым толысты ма, тәжірибем ұлғайды ма, білімім артты ма, білмеймін. Бірақ, сонда да қызық болсын деп жариялап отырмын... Бейпiл сөздер Құранда болмағанмен, араб тiлiнде бар ***** Жақсылық жасамаудың өзi – жамандық, Жамандық жасмаудың өзі – жақсылық ***** Жалқау бастықтың орынбасары көп болады. ***** Жұмыс аз, бастық көп. ***** «Қағанат» қарын тойдырады. ***** Қазiргi қыздардың көкiрегi ашық, көздерi бояу. ***** Бiрлiгi жақсының тапқаны тапшы болмайды. ***** Қанша байлығың болса, сонша иманың болғаны дұрыс. ***** Бiлiмдiлер көп болса, бiлiмсiздер көкiмейдi. ***** Аялдамада тұрған адамдардың бастары автобус келетiн жаққа қарап тұрады. ***** Қорлаудың емi…

2
1
1040

Бас бапкер болған журналист

Біз кейде халық арасында жиі қолданыста жүретін сөздердің иесі кім екендігіне қарамастан тақырыпқа тұздық қылып пайдалана беретініміз бар. Тіпті, ойдан тіркес құрап, «Абай осылай айтыпты» деп көкитіндердің бөспесінің өтірік-расын оқыған азаматтар болмаса, көбі ажырата алмай жататын сәттер кездесіп жатады. Негізі, көп елдерде комментатордың рөлін ардагер спортшылар атқарады. Әнине, ішіндегі сауаттысы мен сөзге шеберлері ғана. «Футболшы тек допты ғана аяғында ұршықша иіреді, сөзге шорқақ» деген кереғар пікір бар. Бірақ, іске де, сөзге де шебер спортшылардың ауызға ілігіп, журналистік қызметке дейін өскендер бар. Көргені мен түйгенін, жинаған тәжірибесі мен оқыған-тоқығанын саралап, тапқыр әрі дөп сөйлейтіндердің бірі – байырғы неміс футболының маманы Зепп Хербергер. Басқалар «Жер дөңгелек»…

3
0
695

Доңғалақты дәмхана

Алматыда сұлудың қос бұрымындай қатар тізілген трамвай жолдары жұртқа етене таныс болғанмен, әлі күнге дейін аталмыш қоғамдық көлікке аяқ баспаған адамдар бар. Біреулер трамвайды Алматының өткенін ойға салатын «етжеңді» көлігіне балап жатады. «Етжеңді» деуімізге де себеп бар. Өйткені, 1937 жылдан бастап шаһардың бірнеше көшелерін қақ тіліп өтетін трамвай қызметін әлі күнге дейін тұтынушылар көп. Мәселен, алғаш трамвай пайдалануға берілген кезде небәрі екі апта ішінде 300 мыңға жуық жолаушы тіркеліпті. Ал, метроның миллионыншы жолаушысы үш ай өткеннен кейін белгілі болған-тын. Осыдан-ақ, трамвайдың нағыз алматылықтар үшін керек көлік екендігін аңғаруға болады. Бүгінде Алматыдағы қоғамдық көліктердің қызметін бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады. Бірі – арлы-берлі зуылдаған автобустар, бі…

2
0
914

Алматыдағы ғашықтар мекені қайсы?

Ғашықтық сөзіңізді айтуға, сезім білдіруге, үйленуге ұсыныс жасауға, жас арудың сүйріктеу саусағына сақина тағу үшін қай жерді таңдар едіңіз?! Тау төрінде ме, қымбат мейрамханада ма, әлде алабұртқан сезіміңізді іліп әкететін Көктөбе биігінде ме?.. Қатардан қанша ығыстырмақ болғанмен, «Әулие Валентин күнін» асыға күтіп, жаныға атап өтетіндер баршылық. Кездесу кешін белгілеп, шуақты жүздесу өткізу үшін дабырлаған халықты жиі кездестіресіз. Театрлардағы ғашықтық қойылымдарға назар сап, махаббатқа толы ерекше кеш ұйымдастырғысы келетіндер аз емес. Кездесу орнын белгілеп, әуре-сарсаңға түсетіндер қаншама. Гүл құшақтаған, сүйгеніне деген ынтызар сезімін арқалаған жастардың жалынды көздеріне қарап, ғашықтықты қастерлейтін риясыз көңіл әлі де заманның ағысынан қалмай келе жатыр екен-ау деп іштей…

1
0
1645