Біздің ағамыз
Менің бір ағам бар, періште дерсіз. Өзін мейірден, сөзін пейіштен сайлағандай. Менің бір ағам бар, ақкөңіл дерсіз. Алдындағысын алдыңызға ысырып, артындағыны үнемі алдына шығаратын. Менің бір ағам бар, қамқор дерсіз. Қараусыз қалғанды қамқорлығына алып, үйсіз болса түнететін, күйсіз болса күнелтетін. Ашты тойдырып, қорадағысын сойдырып беретін. Менің бір ағам бар, көңілшек дерсіз. Үлкенмен дана, кішімен бала болып сөйлесетін. Мылқаудың тілін тауып, үнсізді сөйлететін, кереңді тыңдататын, салы кеткенге үміт сыйлап, артық кеткенді орнына қоятын нағыз психолог. Менің бір ағам бар, орақ тілді. Талайды тілімен сұлатқан, тойымсыз әкімді бір сәтте сөзімен құлатқан, жемқорды өкіндіріп, адалды жетілдірген жан. Тілінің бізі бар, руханият әлемінде өзіндік ізі бар биік тұлға. Менің бір ағам бар, кіші…