Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ақкенженің «ақиқаты» (Қысыр әңгіме)

Менің есімде, бұрындары ауылда тек ересек кісілер ғана ауыз бекітетін. Қазір ғой, көпшіліктің діни сауаты артып, еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін ораза ұстайтыны.

Содан Шәрипа апамыз да (ауылда ол кісіні Шапок дейді сыртынан) сауапты молынан жинағысы келді ме, күйеуін де, балаларын да ауыз бекітуге «азғырады». Шиеттей бала-шаға ораза ұстаудың шарттары мен ережелерін білмесе де, Шарипа апамыздың дегенін қылып, соңынан ереді. Сірә, шешелері туған баласына жамандық ойламас деді ме, әлде «айттым бітті» деген жарлығына қарсы тұра алмағандықтан ба, бәрі еріксіз келісе кетеді. Содан қасиетті Рамазан айы да басталып, Шапок апамыздың шаңырағы түгел ауыз бекітті. Ауыл біткен оларды үдере әңгіме қылды. «Қаршадай балаларын да қинап қойғаны нес» деп іштей сыбап алғандар да болды. Өзі ауылдың шетінде тұратын отбасын сырттан кеп біреу уағыздап кетті ме деген де алып-қашпа сөздер жүрді. Сол Шапок апамыздың Ақкенже атты 10-сынып оқитын қызы болатын. Сынып жетекшісі Гүлімай апай Ақкенжені үлгерімі нашар болса да, ораза ұстағанын айтып, құрдастарына үлгі етеді. Мұғалімдердің барлығы Ақкенжеден сабақ сұрамай, өздерінше сауап іс тындырдық деген оймен әуре. Ақкенженің қағанағы қарқ, сағанағы сарқ.

Мұғалімдердің Ақкенжеге мейірімділік танытуы сыныптастарының қызығушылығы мен қызғанышын қатар оятты. «Ұстаса өзі үшін» деп кейігендер де кездесті. Аяқ астынан «пірадар» қызға айналған сыныптасына қызығушылықпен сұрақтар қойғандар да кездесті. Құралай (сыныптасы әрі құрбысы) бір топ қыздардың басы қосылғанда: «Ақкенже, ораза ұстаған қызық па? Таң атқаннан кеш батқанға дейін нәр тартпай жүрген қиын емес пе?», – деп барлығының көкейінде жүрген жалғыз сұрақты қойды. Өзін басқалардан өзгеше санап жүрген Ақкенже де сол сұрақты көптен бері күтіп жүрсе керек, ойланбастан: «Қиын түгі де жоқ. Түнде тұрып, бәріміз сәресін ішеміз. Ағам мен әкем кешке дейін малдың соңында. Ал, мен түсте сабақтан қа        йтқан соң, апам екеуміз есікті ішінен құлыптап, перделердің барлығын жауып, ешкімге көрсетпей талқан былғап жеп аламыз», – дейді жаңалық ашқандай жүзі жайнап. Сыныптас құрбыларының барлығы аң-таң. Хатта, не дерін білмейді бәрі. «Балалы үйде ұрлық жатпайды» деген осы.

 
2
4
1653

Осы тақырып бойынша

Ақкенженің «ақиқаты» (Қысыр әңгіме) - Yvision.kz