Атадан қалған аманат.
Дәстүрді сақтап, дәріптеу,
Киелі біздің міндетіміз.
Батысқа қарап, еліктеу,
Құртатын бізді індетіміз.
Атадан қалған дүние,
Мәдениет, дәстүр, тіл.
Жасампаз болу еліңе,
Зор мақсат, соны біл.
Ұрпаққа қандай құндылық?
Қалдырармыз біз қазір...
Батысқа қарап ұрындық,
Тоқтауға болшы енді әзір.
Тарихын елдің құрметте!
Дәстүрге өзіңді міндетте.
Бабаң жинаған абыройды,
Қастерле оны, кірлетпе!
