Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Намыстың тапталуы...

Достар, бәлкім жазар жерімен қателестім дейсіздер, бірақ көкейде тұрған мәселе. Тіпті сұрақ десе де болады. Фейсбукте Ермек Нарымбаев мырзаның жазғанын көздейсоқ кездестірдім. Енді білесіз ғой бір сілтемеге шықсан екінші сілтеме, солай жалғаса беріп осы аталмыш мақала десек па, жазба десек қалай айтқан дұрыс болатынын білмеймін. Әйтеуір оның ойы жазылған. Не жазылды десеңіз, қысқасы, қазақтарды жерден төмен қылып, дүниенің ең жеркенішті нәрселеріне теңеді. Былай айтқанда барлық әдеби, саяси, публистикалық өнерін қазақты қорлауға жұмсады. Соңғы кезде бізде жаман әдет пайда болды. Біреудің айтқанын бар елге жария етіп, "ойбай ау, анау бізді жаман деді" деп барлық халыққа жай бір "борат-морат" сықылды ұсақ-түйікті түйедей қылу. Бірақ осы жолғы сұрақ ерекше. Бұны барлығы білгені дұрыс. Дәл сол Ермек мырзаның өз парақшасында жазғаны, намысқа тиіп қана қоймай, оны тепкілеп кетті. Сонда қазақ ұлтының ұлылығы қайда? Айтқанының барлығы бір түйір шынайы, дәлелді фактілерге сай келмейді. Сонда құқық қорғау органдары қайда қарап жүр айналайындар - ау?! Осындай ұлтымызды қорлап жүрген азаматқа шара неге қолданбайды??? Бұл заңның дөрекі бұзылғаны ғой!!! Айтқаныма құлақ сал, ағайын!!!

0
0
389

Осы тақырып бойынша

Намыстың тапталуы... - Yvision.kz