Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Шындық әлемі.

Бір сәтке ойланшы. Барлық адамдар бір бірінің ойын оқи алса. Иә, сенің не ойлайтыныңды, не жоспарлағаныңды және қандай сезімде екеніңді алдыңызда тұрған адам бірден сөзсіз біліп тұрса. Өміріміз қаншалықты өзгеше болар еді? Қазіргі әлемнің ажырамас бөлігі жалған мен өтірік. Ол барлық салада өзінің орнын тапқан. Онымен келісуімізге тура келеді. Ал біз жаңағы айтып отырған "шындық" әлемін елестетіп көрейік. 
Енді ең біріншіден жарнама индустриясы болмас еді. Жаһанда ең сұрапыл өтіріктің субстанциясы осы индустрияда. Жарнама болмаса біздің ақпараттық әлем мүлдем өзгеше болар еді. Енді елестетіп көріңіз, барлық тауарлардың шынайы құрамы мен оның шынайы ағзаға әсерін білер едік.
Жарнама жай ғана бір мысал ретінде келтіріп отырмын, ой өрісін ары қарай жалғастырайық. Біз барлығымыз туа біте бір-біріміздің ойларымызды оқи аламыз. Ал соның негізінде сөйлеудің қажеттілігі жоғалады. Сөйлеудің негізгі мақсаты біздің ойымызды жеткізу, ал егер сенің сұхбаттасың ойыңды онсыз да біліп отырса онда сөйлеудің қажеттілігі болама? Осындай әлемді елестетіп көріңіз, егер идея ұнаса, мен бұл әлемді сипаттап, онда тұратын адамдар туралы және өмір болмыстарын бейнелеп беруге даярмын достар! Пікірлеріңізді күтемін!)

0
0
580

Осы тақырып бойынша

Шындық әлемі. - Yvision.kz