Зеренді ауданында жадынамаларды тарату бойынша ақпараттық акция өткізілді
Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол – Честный путь» марафоны аясында 2015 жылғы 10 маусымда Зеренді ауданында «Сыбайлас жемқорлықтан қалай қорғануға болады?» тақырыбындағы жадынамаларды тарату бойынша ақпараттық акция өткізілді.
Аталмыш акцияға аудандық әкімі аппаратының, ішкі саясат бөлімінің, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің, құрылыс бөлімінің, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің және тағы да басқа мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлері қатысты. Барлығы 30 адам.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жадынамаларды таратумен қоса, сыбайлас жемқорлық құқық бұзышылықтарды болдырмау және азаматтарды сенім телефондары және 1494 call орталығы туралы хабардар ету түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
