Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершіліктен жалтару мүмкін емес
Ақмола облысының әкімшілігі жанындағы мемлекеттік қызметкерлерді қайта даярлау мен біліктілігін жетілдіру аймақтық орталығында ауылдық округтердің әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері арасында семинар-кеңес өтті.
Іс-шарада ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңестің төрағасы Қ.А. Жапақов «ҚР заңнамасы бойынша жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілікке тартылу» тақырыбында сөз сөйледі.
Аталмыш тақырып тыңдармандардың қызығушылығын тудырды. Сұхбат барысында Қ.А. Жапақов мемлекеттік қызмет саласы мен Тәртіптік кеңеспен облыс аумағында жүргізіліп жатқан іс-шаралары туралы айтып өтті.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында азаматтардың сыбайлас жемқорлық фактілері туралы кедергісіз ақпарат алуы, оның ішінде мемлекеттік органдардың сенім телефондары мен веб-сайттары арқылы кедергісіз ақпарат алуы үшін жағдайлар жасалғандығын, ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» және «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Заңдарының қабылдануымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру үшін жағдайлар жасалғандығын, рұқсаттар саны мен қызметтің лицензияланатын түрлері күрт азайғандығын, мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тиімділігін бағалау және оның сапасын сыртқы бақылау жүйесінің қалыптастырылғандығын атап өтті.

