«Орта жалақы алатын жас мемлекеттік қызметші парадан бас тарта ма?!»
2015 жылғы 19 мамырда ҚР МЕмлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаменті басшылығымен өткен брифинкте бастау алған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол – Честный путь» облыстық марафоны аясында, 2015 жылғы 26 мамырда Көкшетау қалалық қазақ кітапханасында «Осы Кандидат - орта жалақы алатын, әйелі мен баласы бар жас мемлекеттік қызметші, парадан бас тарта ма?!» тақырыбында пікір сайысшылардың көрсетілім ойыны ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл төңірегіндегі мемлекеттік саясатты түсіндіру, оны жетілдірудің тетіктерін қарастыру, жастарда ар-намыс, жоғары моральды-этикалық нормалар мен құндылықтарды жандандыру, Отанымыздың болашағы үшін адал қызмет пен таза бәсекелестік қағидаттарын ұстануды дәріптеу болып табылады.
Ойын «Линкольн-Дуглас» нысанында өтіп, әр қатысушыға өз көзқарасын еркін жеткізуге мүмкіндік берді.
