Бұзышылық салдарын талқылағанша олардың алдын алу жөн
2015 жылдың 12 маусымында Ақмоланың мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында кеңес өткізілді.
Аталған іс-шараның жұмысына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша Департаментінің консультанты Т. Жакеев пен Ақмола облыстық Прокуратурасының аға прокуроры А. Қалыбеков қатысты.
Іс-шараның барысында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асырудың негізгі жолдары, сыбайлас жемқорлық құқық бұзышылықтарын алдын алу саласында құқық қорғау органдарының өзара әрекеттесуі, сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілік» атмосферасын қалыптастыруға арналған әдістер мен тәсілдер талқыланды.
Сонымен қатар, сөз сөйлеушілер Ақмолалық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық құқық бұзышылыктар мен қылмыстарды болдырмау саласында 2015 жылдың бес айында атқарылған жұмыстар туралы баяндап, қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлық салдарымен күресу емес, оның алдын алу басымдық болып табылатындығын атап өтті.
Іс-шараның соңында «Сыбайлас жемқорлықтан қалай қорғануға болады?» тақырыбындағы жадынамалар таратылды және мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша көз қарасын анықтауға арналаған сауалнама жүргізілді.

