Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты іс-шара

2015 жылғы 23 маусымда Ш.Құсайынов атындағы қазақ драма театрында Мемлекеттік қызметші күні құрметіне салтанатты жиын өтті.

Бұл мейрам біздің елімізде жуырдан бастап мерекеленеді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 716 Жарлығымен «Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Жарлығына толықтырулар енгізілді. Осылайша, 23 маусым  «Мемлекеттік қызметші күні» деп жарияланды.

Салтанатты іс-шараға мемлекеттік органдардың,  үкіметтік емес ұйымдардың басшылары мен өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары, мемлекеттік қызметтің ардагерлері шақырылды.

Іс-шара мемлекеттік қызметшілердің салтанатты түрде ант қабылдау рәсімінен  басталды.

Мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен облыс әкімі Сергей Кулагин құттықтады, мемлекеттік қызметтің дамуына қосқан үлестері үшін «Үздік мемлекеттік қызметші» төс белгілерін табыс етті және алғыс хаттармен марапаттады.

ҚР Мемлекеттік қызмет және  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің  басшысы Нұржан Исақов құттықтау сөз сөйледі және көпжылғы еңбектері мен мүлтіксіз қызметтері үшін  мемлекеттік қызметшілерге Құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыс етті.

«Үздік мемлекеттік қызметші» төс белгілері Ақмола облысының дін істері басқармасының басшысы Сәуле  Ыбраеваға, Ақмола облысы құрылыс басқармасының бас маманы Әсима Исмағұловаға, Аршалы ауданы экономика және қаржы бөлімінің басшысы Елена  Андрухке, Ақмола облысы мәдениет басқармасының бөлім басшысы Ғалия Ташкинаға, Бурабай ауданы әкімі аппаратының бас маманы – Бауыржан  Бимурзинге табыс етілді.

Сондай ақ, іс-шараға қатысушыларға мемлекеттік қызметтің ардагерлері Марат Құлмағамбетов пен Павел Трищ бата тілектерін білдірді.

Іс-шара концерттік бағдарламамен аяқталды.

 

1
0
2370

Осы тақырып бойынша

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты іс-шара - Yvision.kz