Жемқорлыққа қарсы марафон жалғасуда
19 мамырында Ақмола облысында өз бастауын алған «Адал жол – Честный путь» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы облыстық марафонының (әрі қарай – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон) аясында 2015 ж. 2 маусымында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаментімен (әрі қарай – Департамент) Көкшетау қаласының әкімдігімен бірлесе отырып Көкшетау қаласы активінің қатысуымен мемлекеттік қызмет өткеру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді.
Кездесу барысында мемлекеттік аппараттың тиімді жұмыс істеуі, «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесін еңгізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы саясаттың нәтижелері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа әдістер жайлы мәселелер қарастырылды, облыстың аумақтарында тұрғындардың барлық мақсаттық топтарының қатысуымен өтетін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонының мақсаттары мен міндеттері айқындалды.
Көкшетау қаласында өз бастауын алған аталмыш марафонның аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған іс-шаралар Көкшетауда а.ж. 25 мамыры мен 3 маусым аралығында өтіп жатқандығын, әрі қарай «эстафета» Ақмола облысының Зеренді ауданына, одан кейін рет ретімен облыстың барлық аудандарына тапсырылатындығын атап өту қажет.
Семинар – кеңестің жұмысына «Нұр Отан» партиясының қалалық бөлімі төрағасының бірінші орынбасары, қалалық мәслихаттың депутаттары, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, мектеп директорлары, қалалық ҮЕҰ-дың, ЖҚБ-нің, ұйымдар мен мекемелердің, Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының қалалық филиалының, БАҚ өкілдері қатысты.
