«Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды!»
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығын мерекелеу шеңберінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Е. Жайықбаев Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының басшысы А. Мүсірәлімовамен бірлесіп, қалыптасқан игі дәстүр бойынша Ұлы Отан соғысының ардагері В. Малаховпен кездесті. Кездесу барысында Е. Жайықбаев Ұлы Жеңістің барлық адамзат үшін маңыздылығын атап өтті, соғыс ардагерін алдағы мерейтойымен құттықтап, оған мықты денсаулық, ұзақ өмір тілеп, естелік сыйлық сыйлады. Валентин Иванович Көкшетау қаласында тұрады, Айыртау ауданының Володарское ауылында 1923 жылдың 30 шілдесінде туған. Петропавл педагогикалық институтын география мамандығы бойынша аяқтаған. 1942 жылдың 18 мамырында Көкшетау әскери комиссариа…


