Жастар «Сыбайлас жемқорлыққа ЖОҚ!» дейді.
Ағымдағы жылдың 26 сәуірінде Ақмола облыстық филармониясында «Студенттік көктем-2016» фестивалі өтті. Фестивальға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Қ. Жапақов қатысты. Фестивальдің мақсаты - облысымыздың талантты жастарының рухани-адамгершілік, шығармашылық және мәдени жетістіктерін сақтап қалуға және арттыра түсуге, сондай-ақ, жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, әлеуметтік жауапкершілік пен отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыруға бағытталған. Қ. Жапақов фестивальдің қатысушылары мен жеңімпаздарынқұттықтай отырып, «Мен екінші жыл қатарынан «Студенттік көктем» фестиваліне қатысып отырғаныма қуаныштымын. Облысымызда талантты, шығармашыл жастардың көп екеніне тағы да көзім жетіп отыр», - деп атап өтті.…


А.ж. 19 сәуір күні «Адал Жол – Честный путь» жемқорлыққа қарсы марафоны аясында Бурабай ауданының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Щучье қаласының Мәдениет үйі алаңында жастар арасында «Жемқорлыққа ЖОҚ дейміз» атты би флешмобы өтті.