Болашақ кәсіби мамандардың қолында
2016 жылдың 3 мамыры күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) мемлекеттік қызметтің оң бет-бейнесін қалыптастыру және арттыру, сондай-ақ, жастарды мемлекеттік қызметке тарту мақсатында А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің IV курс студенттерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Департамент қызметкері М. Ахметқалиев 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап кадрларды іріктеудің, ілгерілетудің және кәсіби даярлаудың жаңа қағидаттарының, мемлекеттік қызметте меритократия қағидаттарының толыққанды жүзеге асырылуына бағытталған ілгерілеудің жаңа тетіктері енгізілгеніне, сондай-ақ, мансаптық өсудің ашықтығына тыңдаушылардың назарын аударды.
«Мемлекеттік қызметте іріктеу мен ілгерілеуді реттейтін жаңа заң күшіне енді. Халыққа адал және кәсіби қызмет көрсетуге бағытталған кәсіби мемлекеттік аппарат құру жөніндегі шаралар, Мемлекет басшысы көрсеткен жаңа саяси бағытты жүзеге асыруға сөзсіз негіз болады», - деп, спикер өз сөзін қорытындылады.
А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің 2000-2015 жылдар арасындағы жұмысының нәтижесінде 24 баклавриат және 10 магистратура мамандығы бойынша 15 мыңнан астам маман даярлағанын атап өту қажет.
2015 жылдан бастап «Сыбайлас жемқорлық мәдениетінің негіздері» атты үлгілік элективтік пән енгізілді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған тақырыптар дипломдық жұмыстардың тақырыптарына, магистрлік диссертацияларға, тәрбие жұмысы жоспарларына қосылды.
Іс-шараға 25 адам қатысты.
