Өзіңнен баста!
2016 жылдың 20 мамырында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының аумақтық департаментімен бірлесіп Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Ақмола облысының еңбек инспекциясы басқармасында (Бұдан әрі – Басқарма) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және қызметтік әдеп ережелерін қалыптастыру» тақырыбында семинар- кеңес өткізді.
Семинар-кеңестің жұмысына Басқарманың және ведомствоға бағынысты ұйымдардың мемлекеттік және азаматтық қызметшілері қатысты.
Семинар-кеңестің барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның қолданысына және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, тыңдаушыларға қоғам назарына ілінген, сыбайлас жемқорлық сипаттағы құқық бұзушылықтар туралы резонансты бейнероликтер көрсетілді.
Кеңестің қатысушылары қойған сұрақтарына түбегейлі жауап алды.
Іс-шараның соңында сауалнама жүргізіліп, «Сыбайлас жемқорлықтан қалай қорғануға болады?» атты брошюралар таратылды.
Семинар-кеңеске 30-дан астам адам қатысты.
Ағымдағы жылдың 20 мамырында Бұланды ауданында «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонының шеңберінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Қ. Жапақовтың, аудан әкімі Қ. Іспергеновтың қатысуымен идеологиялық актив өткізілді.
Ағымдағы жылдың 18 мамырында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің қызметкері М. Ахметқалиев ҚР инвестициялар және даму министрлігін индустриалдық даму және өнеркәсіптік қауыпсыздық комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті ұйымдастырған кеңеске қатысты.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2016 жылдың 18 мамырында Ақмола облысы Құрылыс басқармасының ұжымымен кездесу өткізді.
2016 жылдың 17 мамырында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының аумақтық департаментімен бірлесіп Қазақстан РеспубликасыныңҰлттық экономика министрлігі Ақмола облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінде (Бұдан әрі - Департамент) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және қызметтік әдеп ережелерін қалыптастыру» тақырыбында семинар- кеңес өткізді.
Ағымдағы жылдың 13 мамырында Ақмола облысы әкімі аппаратының жанындағы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі - Департамент) басшысы Қ.Жапақовтың төрағалық етуімен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін қамтамасыз ету, мемлекеттің әлеуметтік-мәдени функцияларын іске асыру негіздерінің бірі» тақырыбындағы облыстық коференция өтті.
А.ж. 12 мамырда Еңбекшілдер ауданында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің бастамашылығымен бастау алған «Адал жол - Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы облыстық марафоны шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы суреттердің байқауы мен «Менің Отанымның болашағы – менің қолымда» атты суреттер сайысы өткізілді.