Мазмұнға өту
anticorr03akmol

Госслужба Акмола

@anticorr03akmol

Сайтта 2015 ж. 4 сәуірКазахстан, Кокшетау

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 729

пікірлер

0

тіркелуші

15

жазылымдар

16

Мобильді ақпараттық-насихаттық топтардың Ақмола облысының өңірлеріндегі жұмысы жалғасуда

А.ж.  25-26 шілдесі күндері «Жас Отан» жастар қанаты мен  Ақмола облысы жастар ресурстық орталығының  ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған  «Ақмола жастары - Тәуелсіздік толқынында!»   жастар ақпараттық-насихаттық тобы   Қорғалжын және Егіндікөл аудандарында     сұхбаттасу  алаңдарын өткізді.

Іс-шаралар Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша өткізілді.

Мобильді топ құрамында – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің бас маманы – Сая Беккажанова, «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты Ақмола облыстық филиалы төрағасының орынбасары - Сымбат Үсен, «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ мемлекеттік бағдарламалар жөніндегі кеңесшісі – Құндыз Бекмағамбетова.

Кездесуге қатысушылар Мемлекет басшысының қоғам алдына қойған міндеттерді шешуге ықпал ететін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған іс-шараларды өткізу барысында қол жеткізген көрсеткіштер мен жетістіктер жөнінде толық мәлімет алды.

Екі күн ішінде мобильді топ аудандардың 100-ден астам адамды қамтыған 6 аудиториясында дәріс өткізді.

Бұдан бұрын мобильді топ облыстың Бурабай, Еңбекшілдер, Бұланды, Шортанды, Ақкөл аудандарына және Степногорск қаласына  барып, 500-ден астам адамның қамтылуымен 36 аудиторияда жұмыс жүргізген болатын.

       
0
0
423

Ауылдық округ пен шағын қаланың әкімі – атқарушы биліктің маңызды буыны ...

А.ж. 27 шілдеде  ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Қ. Жапақов барлық деңгейлердегі әкімдермен және жергілікті полицейлік қызметтің учаскелік инспекторларымен өткен облыстық кеңеске қатысты.

Өңір басшысы С. Кулагин өзінің кіріспе сөзінде бұл іс-шараның маңыздылығы мерзімі жеткен мәселелерді талдау, оларды шешу жолдарын іздеу, атқарушы биліктің ең маңызды буындарының бірі болып табылатын ауылдық округ пен шағын қала әкімі   жұмысының тиімділігін  арттыруда екенін кеңеске жиналғандарға түсіндірді.

Қ. Жапақов өзінің «Меритократия, тиімділік және қоғам алдындағы есептілік қағидаларына негізделген заманауи мемлекеттік аппараттың қалыптасуы» тақырыбындағы баяндамасында меритократия, тиімділік, нәтижелілік, транспаренттілік және қоғам алдындағы есептілік принциптеріне негізделген  мемлекеттік қызмет жүйесінің кәсібилендірілуі  мемлекеттік басқару және халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге  мүмкіндік беретініне тыңдаушылардың назарын аударды. ҚР мемлекеттік қызмет жүйесінің дамуы тәуелсіздік жылдарындағы мемлекет рөлінің түрлендірілу процестерімен,саяси жүйенің, экономиканың, қоғамдық қатынастардың, мемлекеттік басқару жүйесінің оңтайландырылуымен  тығыз байланысты.

Кеңеске Ақмола облысы әкімінің және барлық деңгейлердегі әкімдердің орынбасарлары, мәслихаттардың хатшылары, қоғамдық кеңестердің басшылары, облыстық басқармалардың және өңірлердегі әкім аппараттарының жетекшілері, құқық қорғау органдарының, прокуратураның, ҰҚК, БАҚ өкілдері қатысты.  Барлығы 650 адам.

0
0
296

Спорт жемқорлыққа қарсы

А.ж 25 шілдесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол-Честный путь» марафоны аясында Аршалы кентінің орталық алаңында авто және авиамодель спорт түлерінен «Жастар адал жолмен» спорттық жарысы болып өтті. Іс-шараның мақсаты: авто және авиа модельдік спорт түрін дәріптеу, жастардың назарын техникалық спорт түріне аудару, шабандоздардың спорттық дағдыларын дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау.

Автомодель спорты бойынша жарыста:1 орынды – ҚР автомодель спорты бойынша чемпионы Лидер Вильгельм, ал 2 орынды - Демидов Иван иемденді.

Авиамодель спорты бойынша: 1 орынды – ҚР  авиамодель спорты бойынша чемпионы Ламанов Иван алса, 2 орынды – авиамодель спортының күміс жүлдегері Манапов Ибрагим қанағат тұтты. Аталмыш іс-шара «Жастар адал жолмен» ұраны аясында өтті, себебі, техникалық сауаттылық біздің жастардың даму жолының басты бағыты болып табылады.

0
0
640

Ақмола облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының қызметкерлеріне семинар өткізілді

25 шілдеде ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің қызметкері Қ.Х. Уажановпен Ақмола облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасында семинар өткізілді.

Кездесу барысында департамент өкілі басқарма қызметкерлеріне 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдардың  түйін бағыттары және негізгі тәсілдері, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңының негізгі жаңалықтары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, ішкі және сыртқы жемқорлық тәуекелдерін талдауын өткізу қағидаларын жеткізді.

Сөз сөйлеуінің екінші бөлімінде, Қ.Х. Уажанов семинар қатысушыларына  Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің негізгі аспектілері, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік қарым-қатынастарда, қызметтен тыс уақытта, көпшілік алдында сөйлеген сөздерінде, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында  мінез-құлық стандарттары туралы жеткізді.

Семинар барысында қойылған сауалдардың бәріне Департамент қызметкері толық жауап берді.

0
0
454

Сыбайлас жемқорлық жастардың көзімен

А.ж.  19-21 шілдесі күндері «Жас Отан» жастар қанаты мен  Ақмола облысы жастар ресурстық орталығының  ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған  «Ақмола жастары - Тәуелсіздік толқынында!»   жастар ақпараттық- насихаттық тобы  (бұдан әрі - ЖАНТ)  облысымыздың Степногорск қаласына, Шортанды және Ақкөл аудандарына барды.

Үш күн ішінде облыстың ішкі саясат  және жастар саясаты мәселелері басқармаларының  мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарын  жүзеге асыру аясында  ҚР Мемлекеттік қызметістері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің өкілімен; Ақмола облысы жастар ресурстық орталығының ақпараттық-талдамалық бөлімінің басшысымен; «Жас Отан» ЖҚ Ақмола облыстық филиалы төрағасының орынбасарымен аудандардың жастарының кездесулері өтті.

Іс-шараларға ауылдық округтердің әкімдері, жас мемлекеттік қызметшілер, діни бірлестіктердің өкілдері,  жастар  қатысты.

Сонымен қатар, аудан басшылығының, ЖАНТ қатысушыларының, жастар активінің  қатысуымен пленарлық отырыстар өтті. Аталған отырыстарда кездесуге қатысушылар Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: Өсім, Реформалар, Даму» атты Қазақстан халқына Жолдауының орындалған мақсаттары мен міндеттері жөнінде және облыс аумағында жүргізіліп отырған  халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған  жұмыс туралы толық мәлімет алды.

0
0
857

6636 әскери бөлімінің 6- атқыштар ротасында «Жемқорлыққа жол жоқ» отырысы өтті

А.ж. 22 шілдесінде 6636 әскери бөлімі мекемесінің 6 атқыштар ротасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол-Честный путь» марафоны аясында жеке құрамның келісім-шарт бойынша әскери қызметшілерімен «Жемқорлыққа жол жоқ»атты отырысы болып өтті. Іс-шараның мақсаты: әскери бөлімде сыбайлас жемқорлықтың көріністерін болдырмау.

Алғашқы сәлемдесу сөзді 6636 әскери бөлімінің  6-атқыштар ротасының командирі, капитан Матиев Ғазиз Жалғасбекұлы бастады: «Өткен жылдары парақорлықтың тамырын жою тұрғысынан қараса қелімізде аз жұмыс жасалған жоқ. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша заңнамаға өзгерістер енгізу арқылы жұмыстар күшейтіліп, шенеуніктер мен кәсіпкерлер арасындағы байланыс азайтылды. Қызметі және еңбегіне қарамастан барлығы да жауапкершілікке тартылатын заң жұмыс істейді. Біз бұл жайтты түсініп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлескен ымырасыз күреске қызығушылықты арттыруымыз керек. Біздің арамызда бұл мәселеге осал қарайтын жан болмауы тиіс. Ең маңыздысы біз сыбайлас жемқорлықтың пайда болу жағдайларына бей-жәй  қарамай, оны тиісті мекемелерге жеткізіп, керекті шараларды қолдануымыз керек.»

Сондай-ақ, рота командирінің орынбасары, аға лейтенант Бейсенғалиев Қуаныш Досболұлы өз сөзінде: «Бұның бәрін біздің келер ұрпақ көріп өсуде. Біз қоғамды сыбайлас жемқорлықпен күресуге қанша шақырып жатқанымызбен, олар үйдің ішінде осы көріністерді көріп өссе, оның барлығы бос сөз және аталған заңдардың да орындалуы екіталай. Жемқорлық – бұл қоғамның салауатты дамуына бөгет болатын елеулі кедергі, араласу мен жоюды талап ететін әлеуметтік жамандық. Және сізбен біз,сыбайлас жемқорлықтың кез келген әрекеттерінің жолын кесуге тиістіміз.» деп атап өтті. Отырыс  барысында әскери қызметшілер аталмыш марафонға және сыбайлас жемқорлықтың пайда болуына қатысты өз ой-пікірлерін айтып, ортаға салды. Іс-шараға шамамен 80 адам қатысты.

0
0
2039

Заседание «Жемқорлыққа жол жоқ» в 6 стрелковой роте в/ч 6636

22 июля т.г. в здании 6 стрелковой роты в/ч 6636 в рамках антикоррупционного марафона «Адал жол- честный путь» была проведено заседание с личным составом военнослужащих по контракту«Жемқорлыққа жол жоқ». Цель мероприятия: предотвращение проявлений коррупции в воинской части.

Со словами ко всем присутствующим выступил командир 6 стрелковой роты в/ч 6636 капитан Матиев Газиз Жалгасбекович: «За прошедшие годы в стране сделано немало, с точки зрения устранения корней взяточничества. В частности, ужесточена работа по борьбе с коррупцией посредством внесения изменений в законодательство, уменьшения контактов между чиновниками и предпринимателями. Действует закон, в соответствии с которым к ответственности привлекаются все, невзирая на должности и заслуги. Мы должны это понимать и быть заинтересованными в совместной бескомпромиссной борьбе против коррупции. Среди нас не должно быть равнодушных к этому вопросу. Самое главное, чтобы мы были нетерпимы к случаям проявления коррупции, и могли сообщать о них, и по всем этим сигналам принимались действенные меры».

Также в своем выступлении заместитель командира роты, старший лейтенант Бейсенгалиев Куаныш Досболович отметил: "Это все видят наши дети. И сколько бы мы ни призывали бороться с коррупцией, если дома они видят эти явления, все эти призывы бессмысленны, и все эти законы работать не будут. Коррупция-  это  серьезный  барьер  на  пути  здорового развития общества, социальное зло, требующее вмешательства и устранения.  И мы с вами должны пресекать любые проявления коррупции». В ходе заседания военнослужащие высказали свое мнение в поддержку данного марафона, а также выразили свою отрицательную позицию в отношении проявлений коррупции.  Охват мероприятием составил 80 чел.

0
0
614

Азаматтардың «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес сұрау салулары бойынша мемлекеттік қызметшілердің жұмысы жөнінде оқу семинары

2016ж. 21 шілдеде Ақмола облысы әкімі аппаратының әкімшілік ғимаратында Ақмола облысы әкімдігінің облыстық басқармаларының және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық департаменттерінің  бірінші басшыларының, сонымен қатар, басшылардың орынбасарларының қатысуымен  азаматтардың «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес сұрау салулары бойынша мемлекеттік қызметшілердің жұмысы жөнінде оқу семинары өтті.  Семинар Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) басшысының орынбасары Д.М. Хайруллинннің төрағалық етуімен өтті.

Өзара әрекеттестік аясында және жұмыстың тиімділігі үшін семинарға Ақмола облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Ж. Ә. Темірханова және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика

және арнайы есепке алу комитетінің Ақмола облысы бойынша басқармасының өкілі, құқықтық статистиканы қалыптастыру бөлімінің аға прокуроры Д.Ш. Төкеев шақырылды.

Семинар барысында Д.Ш. Төкеев жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қараудың негізгі проблемалары мен  тәртіптерінің бұзылуын, соның ішінде мемлекеттік органдардың жауапты өтiнiш берiлген тiлде бермеуі және т.б. түсіндірді .

Сонымен қатар, азаматтардың «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес сұрау салулары бойынша мемлекеттік қызметшілердің жұмысы жөнінде Департаменттің Әкімшілік басқармасының басшысы Қ.Е. Қалықов сөз сөйледі.

Баяндамада ақпарат иелері мен ақпаратты алушылардың құқықтары мен міндеттеріне, ақпарат беру кезіндегі шектеулерге қатысты мәселелер, ауызша және жазбаша сауалдарды қарау тәртібі, сондай-ақ, азаматтардың сұратқан ақпаратын беруден негізсіз бас тартқаны үшін мемлекеттік органдардың жауапкершілік тартуы жөніндегі мәселелер ашылды.

Кездесудің аяғында баяндамашылар жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібіне қатысты қойылған сұрақтарға жауап берді.

0
0
514

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол-честный путь» марафоны аясындағы «Сыбайлас жемқорлықсыз Қазақстан» ұранымен өткен Жастар флеш-мобы

Ағымдағы жылдың 21 шілдесінде Аршалы кентінің орталық алаңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол-честный путь» марафоны аясында «Сыбайлас жемқорлықсыз Қазақстан» атты ұранмен Жастар флеш-мобы өтті.

Алғашқы сәлемдесу сөзді «Аршалы ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы Ф.З.Накохова алды «Бүгінгі таңда жемқорлыққа қарсы күрес  біздің қоғам өмірінде және замануи  кезеңдегі мемлекетімізде маңызды орын алатын мәселе болып тұр. Жемқорлық мемлекетті ішінен ірітіп, Отаны мен халқы үшін адал қызмет етіп жүрген азаматтардың еңбегіне теріс әсерін тигізеді. Жемқорлықпен күресу үшін біз, Қазақстан халқына қоғамда мұндай атмосфераны құруға бағытталған өмірлік белсенді және саяси ерік-жігер керек. Сонда ғана оң нәтижеге үміттенуге болады» - деп, Фатима Зукеровна атап өтті.

Дәл осы акция аясында веложарыс ұйымдастырылып, 5 команда арасында өткізілген спорттық жарыста № 2 Аршалы орта мектебінің командасы жүлделі 1 орынға ие болды. Сондай-ақ, қатысушылар арасында «Сыбайлас жемқорлық деген не? Және онымен қалай күресуге болады?» тақырыбында сауал жүргізілді. Респонденттердің көпшілігі бұл марафонды қолдайтыны жөнінде өз пікірлерін білдіріп жатты, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа деген қарсы пікірлерін жасырып қалмады.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев: “Сыбайлас жемқорлық - бұл жай ғана құқық бұзушылық емес, ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер болып саналады”, - деген болатын.

Жастар бұл акциямен  барша адамға қоғамда жемқорлыққа қарсы көзқарасты және құқықтық сананы қалыптастыру, біздің еліміздегі әлеуметтік жемқорлық сияқты зұлымдықты жоюға мүмкіндік беретінін жеткізгісі келді.

Іс-шарға шамамен 150 адам қатысты.

 

0
0
1151

Партиялық жұмыстың тиімділігін арттыру әдістерінің бірі ретінде жұмысқа қоғамның барлық мүмкіндіктерін тарту

21-22 шілдеде Қарағанды  қаласында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің өңірдегі басшыларымен Партия хатшысы Қ.Жұмашевтің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық Қоғамдық Кеңес Төрағасының Бірінші орынбасары О.Әбдікәрімовтың, Қарағанды облыстық партия филиалының Төрағасы К.Оспановтың, сондай-ақ, облыстық прокуратура,  Мемлекеттік қызмет жөніндегі және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюро департаменттерінің, қоғам және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің  қатысуымен республикалық семинар-кеңес өтті.

Семинар-кеңестің жұмысына Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша  департаментінің қызметкері  М. Ахметқалиев қатысты.

Қарағанды облысының әкімі  Н. Әбдібеков семинарға жиналғандардың алдындағы құттықтау сөзінде Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылуына мүмкіндік туғызатын бұл реформаны іске асыру үшін «100 нақты қадам – Ұлт жоспарының» әлеуметтік және экономикалық  тұрғыдан алғандағы маңыздылығын, сонымен бірге,  мемлекеттік аппараттағы, экономика мен әлеуметтік саладағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алмай аталған реформаны жүзеге асыру мүмкін емес екендігін айтты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық Қоғамдық Кеңес Төрағасының Бірінші орынбасары О. Әбдікәрімов өз баяндамасында Бағдарлама міндеттерінің ауқымдылығын түсінбеуден, жұмысқа қоғамның жөнді тартылмауынан   партиялық жұмыстың тиімділігі төмендеп бара жатқанын атап өтті.

Семинар-кеңестің қорытындысы бойынша өңірлердегі Жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңестердің, 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы шеңберінде «Жемқорлықсыз ел- гүлденген ел» партиялық жобаның іске асырылуы бойынша партиялық бақылау комиссия жұмысының тиімділігін қамтамасыз ететін ұсыныстар пысықталды.

 

0
0
410