Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол-честный путь» марафоны аясындағы «Сыбайлас жемқорлықсыз Қазақстан» ұранымен өткен Жастар флеш-мобы
Ағымдағы жылдың 21 шілдесінде Аршалы кентінің орталық алаңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол-честный путь» марафоны аясында «Сыбайлас жемқорлықсыз Қазақстан» атты ұранмен Жастар флеш-мобы өтті.
Алғашқы сәлемдесу сөзді «Аршалы ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы Ф.З.Накохова алды «Бүгінгі таңда жемқорлыққа қарсы күрес біздің қоғам өмірінде және замануи кезеңдегі мемлекетімізде маңызды орын алатын мәселе болып тұр. Жемқорлық мемлекетті ішінен ірітіп, Отаны мен халқы үшін адал қызмет етіп жүрген азаматтардың еңбегіне теріс әсерін тигізеді. Жемқорлықпен күресу үшін біз, Қазақстан халқына қоғамда мұндай атмосфераны құруға бағытталған өмірлік белсенді және саяси ерік-жігер керек. Сонда ғана оң нәтижеге үміттенуге болады» - деп, Фатима Зукеровна атап өтті.
Дәл осы акция аясында веложарыс ұйымдастырылып, 5 команда арасында өткізілген спорттық жарыста № 2 Аршалы орта мектебінің командасы жүлделі 1 орынға ие болды. Сондай-ақ, қатысушылар арасында «Сыбайлас жемқорлық деген не? Және онымен қалай күресуге болады?» тақырыбында сауал жүргізілді. Респонденттердің көпшілігі бұл марафонды қолдайтыны жөнінде өз пікірлерін білдіріп жатты, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа деген қарсы пікірлерін жасырып қалмады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев: “Сыбайлас жемқорлық - бұл жай ғана құқық бұзушылық емес, ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер болып саналады”, - деген болатын.
Жастар бұл акциямен барша адамға қоғамда жемқорлыққа қарсы көзқарасты және құқықтық сананы қалыптастыру, біздің еліміздегі әлеуметтік жемқорлық сияқты зұлымдықты жоюға мүмкіндік беретінін жеткізгісі келді.
Іс-шарға шамамен 150 адам қатысты.

