Қабанбай батыр ауылдық округінде «Коррупцияға жол жоқ» атты дөңгелек үстел өтті
2 тамыз күні Қабанбай батыр ауылында «Коррупцияға жол жоқ» атты дөңгелек үстел өтті. Аталған іс-шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Адал жол – Честный путь» марафонының аудандық жоспарын жүзеген асыру мақсатында өткізілді. Дөңгелек үстел барысында сыбайлас жемқорлықпен күресуге және оның алдын алуға бағытталған іс-шараларға пәрменді түрде қатысу, құқық қорғау органдарының жемқорлық әрекеттерге тосқауыл қоюға бағытталған іс-әрекеттеріне қолдау көрсету, атқарушы билік тармақтары мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара байланысын нығайта отырып, жемқорлықпен күресті одан әрі жандандыру, жастардың бойында жемқорлық әрекеттерге деген төзімсіздік қасиеттерді қалыптастыру жөніндегі шешімдер қабылданды. Іс-шараның соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы слайд…



